қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
10.04.2018

«Қазақстан халықаралық білім беру кеңістігінде-2018» конференциясы өтті

 

2018 жылдың 6 сәуірінде шетелдік азаматтарға арналған және ЖОО дейінгі дайындық факультетінде жас ғалымдарға арналған «Қазақстан халықаралық білім беру кеңістігінде» Х халықаралық конференция болып өтті. Аталмыш конференция университеттің 90 жылдығына, шетелдік азаматтарға арналған және ЖОО дейінгі кафедрасының 25 жылдығына орай және Университеттің ғылым декадасының аясында ұйымдастырылды.


Конференция мақсаты - жас мамандарды ғылыми жобаға тарту және кәсіби шығармашылық белсенділігін арттыру. Конференцияға 127 адам қатысып, 87 баяндама қабылданды. Бұл баяндамалардың авторлары- университеттің білім алушылары (студент, магистрант, РҺD докторанттар), мектеп мұғалімдері мен колледж оқушылары.

 

Конференцияға әр елдің жоғары оқу орындарының өкілдері: Ресейдің Халықтар Достығы университеті (Мәскеу қ.) Қытай педагогикалық университеті (ҚХР, Инин қ.), Чжэцзян шет тілдер университеті (Чжэцзян қ., ҚХР), Санья университеті (Санья қ., ҚХР), Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ (Алматы қ.), Е.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (Астана қ.), Абылайхан атындағы Халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті (Алматы қ.), Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті. (Шымкент қ.), Е.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті (Карағанды қ.), Казақстан туризм және спорт академиясы (Алматы қ.), «Мирас» университеті (Шымкент қ.), Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті (Алматы қ.), Абай атындағы Қаз ҰПУ (Алматы қ), Халықаралық қазақ-қытай тіл колледжі (Алматы қ.), Назарбаев Интеллектуалды мектебі (Алматы қ), №8 орта мектебі (Семей қ.), Мемлекеттік медицина университеті (Семей қ.), № 4 колледж (Шымкент қ.), Амангелді атындағы орта мектеп, Т.Әшімбаев атындағы орта мектебі (Жамбыл облысы Шу ауданы), №11 орта мектебі (Темиртау қ.), Ж. Баласағұн атындағы № 6 білім беру орта мектебі (Шымкент қ.) қатысты.

 

Пленарлық отырыста сөз сөйлегендер: университеттің ғылыми жұмыс және халықаралық қатынастар жөніндегі проректоры Ақтолқын Құлсариева, Қазақстандағы Ресей Федерациясының консулы, Алматы қалалық Ресей Қауымдастығы Өкілеттілігі бастығының орынбасары Ирина Владимировна Переверзева, Алматы қалалық Иран мәдени орталығының директоры, Қазақстан Республикасындағы Иран жоғары елшілігінің мәдени істер жөніндегі орынбасары Сейед Джавад Джалали Киясари, Халықаралық Қазақ-қытай тілдер колледжінің директоры Талғат Мамыров, Абай атындағы ҚазҰПУ шетел азаматтарына арналған филологиялық пәндер және ЖОО дейінгі дайындық кафедрасының меңгерушісі Сауле Бегалиева, Абай атындағы ҚазҰПУ шетел азаматтарына арналған және ЖОО дейінгі дайындық (Foundation) факультетінің студенттері (Сидик Хусаинов, Чжан Юйфень, Абди Жаңагуль, Нусс Қайрат).

 

Секция үш бағытта: педагогикалық ғылымдар және ұлттық тәрбие; филологиялық ғылымдар; әлеуметтік-гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдары бойынша жүргізілді. Секцияға қатысушылардың баяндамалары үлкен қызығушылық танытып талқыға түсті. Конференция қатысушылары сертификаттар мен ғылыми жетекшілер университет ректоры атынан алғыс хаттарға ие болды. Сонымен қатар, ең үздік деген баяндамалар 1,2,3 дәрәжедегі дипломдармен марапатталды.

 

       

 

       

 

       

 

     

 

Шетелдік азаматтарға арналған және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық факультеті (Foundation)