қазақша · русский · english
 
Біз туралы
 
   Главная / Хамраев Шерипидин Итахунұлы

Хамраев Шерипидин Итахунұлы

 

ҚЫСҚАША АВТОБИОГРАФИЯ

Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін физика-информатика мамандығы бойынша (1993), Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің аспирантурасын 010414-Жылуфизика және теориялық жылутехникасы (1997) мамандығы бойынша бітірген.

Техника ғылымдарының кандидаты (1999), доцент (2004), Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры (2012).

Абай атындағы ҚазҰПУ физика кафедрасының инженері, оқытушысы, аспиранты, аға оқытушысы, доценті, профессоры (1993 жылдан). Физика-математика факультеті деканының оқу ісі жөніндегі орынбасары (2002-2012), Математика, физика және информатика институты директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары (2012-2022), Абай атындағы ҚазҰПУ институциональдық тиімділік Кеңсесінің бастығы(09.2022 бастап қазіргі уақытқа дейін).

 

БІЛІМІ

Білім беру мекемесі

Біліктілік

Аяқтаған күні

Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті

физика және информатика пәнінің оқытушысы

01.07.1993 ж.

 

ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕСІ

Ғылыми дәреженің атауы

Ғылым саласы

Дипломның берілген күні

Техника ғылымдарының кандидаты

Жылуфизика және теориялық жылутехникасы

16.07.1999 г.

 

ҒЫЛЫМИ АТАҒЫ

Ғылыми атағының атауы

Берілген күні

Физика доценті

21.05.2004 ж.

 

ОҚЫТАТЫН ПӘНДЕРІ

Бакалавриат:

Жалпы физика курсы;

Молекулалық физика және термодинамика.

 

ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТІ

Ол көпфазалы жүйелердегі жылуфизикалық, термомеханикалық және физика-химиялық процестерді, сонымен қатар жоғары оқу орындарында сапаны қамтамасыз ету мәселелерін зерттеумен айналысады.

Республикада және шетелде жарияланған 70-тен астам ғылыми, ғылыми және әдістемелік еңбектері жарық көрді. Өнертабысқа 5 патенті бар.

 

ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚЫЗМЕТТЕРІ

Қазақ тілінде «Электромагниттік тербелистер мен толқындар» (көлемі 20 б.б, таралымы 1200 дана) және  «Оптика» (көлемі 18,25 б.б, таралымы 1200 дана) Білім беру саласындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңесі жоғары оқу орындарының студенттеріне ұсынған 2 оқу құралын дайындап, бірлесіп басып шығарды.

Ол физика мұғалімдерін дайындауға арналған білім беру бағдарламаларын әзірлеушісі. Жоғары білімді дамыту ұлттық орталығының және Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің (АРТА) сарапшысы.

 

МАРАПАТТАРЫ

2009 ж. - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасы;

2013 ж. - «Айрықша еңбегі үшін» төсбелгісі;

2018 ж. - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісі;

2018 ж. - «Абай атындағы ҚазҰПУ-ға 90 жыл» төсбелгісі

2022 ж. - «Құрметті қызметкер» төсбелгісі;

2023 жыл - «Абай атындағы ҚазҰПУ-ға 95 жыл» төсбелгісі.

 

 


← Кері оралу