қазақша · русский · english
 
 
 

 

Абай атындағы ҚазҰПУ ғылыми-зерттеу қызметінің бағыттары университеттің миссиясына, Даму бағдарламасына және Abai University даму бағдарламасын іске асыру жоспарына, сондай-ақ ҚР ҒЖБМ әзірлеген Жоғары білім мен ғылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына толық сәйкес келеді. Университет тарихының 95 жылында қалыптасқан педагогика және білім беру саласындағы ғылыми мектептерге сәйкес, сондай-ақ сапа саласындағы бекітілген саясат пен мақсаттар тұрғысынан ұлттық тәрбие және психологиялық-педагогикалық білім беру, білім беруді цифрландыру, инклюзивті білім беру, оқытудың инновациялық әдістемелері, оның ішінде көптілді білім беру, латын графикасын оқыту және педагогика ғылымының басқа да бағыттарында ғылыми зерттеулер басым болып табылады.

 

Бүгінгі таңда университеттің ғылыми әлеуеті жоғары білікті құрамның ресурсымен қамтамасыз етілген. Бұл ҚР ҰҒА академиктері - (5 адам): М.Қ. Қойгелдиев, А.С. Бейсенова, А.Е. Әбілқасымова, Б.У. Сманов, С.Н. Сабикенов, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшелері - (6 адам): В.Н. Косов, Ф.Ш. Оразбаева, А.Т. Құлсариева, Р.Б. Әбсаттаров, Ғ.К. Кенжебаев.

 

ҚР жоғары оқу орындары ПОҚ Бас рейтингінің Топ-50 құрамына Абай университетінің 5 профессоры кірді: В.Н. Косов, Е.Ә. Бөрібаев, Ж.А. Хамзина, А.С. Бердышев, А.К. Жармағанбетова, сондай-ақ 1 жас ғалым Е. Тілеуберді.

 

Абай университетінің Н.Келімбетов атындағы Түркітану орталығы дайындаған «Мұқағали тілі сөздігі» монографиясының авторлары Құрманбайұлы Шерубай, Түймебаев Жансейіт, Қалиев Байынкөл және Исакова Сәбира 2023 жылы Гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздік ғылыми зерттеуі үшін Ш.Уәлиханов атындағы атаулы сыйлыққа ие болды.

 

ҚР «ЖОО-ның үздік оқытушысы - 2023» атағын PhD Қымбат Бекенаева, PhD Думан Әлиасқаров және профессор Болат Жұмағұлов иеленді.

 

Мемлекеттік ғылыми стипендия физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Бердышев Абдумаувленге берілді. 

 

Дарынды жас ғалымдарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендиялар PhD, постдокторант Байшеміров Жарасбек және PhD Сейлхан Айнұрға берілді.

 

2023 жылы Abai University постдокторанттардың екінші легін шығарды, яғни 7 жас талантты ғалым Ш.Лайсханов, Б.Молдағали, С.Серікова, А.Байқұлова, Б.Сапарғалиева, Ш.Әкімбекова, А.Сейілхан. Постдокторлық бағдарлама аясында постдокторант-түлектер үлкен жетістіктерге жетті: 1 постдокторант ҚР «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағының иегері, 2-еуі талантты жас ғалымдарға арналған мемлекеттік стипендияның иегері және 1-еуі «Болашақ» бағдарламасының стипендиатыатанды. Жалпы, үш жыл ішінде постдокторанттар Scopus және WoS базасында рецензияланатын журналдарда 55 мақала, оның ішінде CiteScore бойынша жоғары процентильді журналдарда 29 жарияланым (процентиль 50-ден кем емес және Q1, Q2-ден кем емес) және ҚР ҒЖБССҚК ұсынған журналдарда 81 мақала жариялады. Постдокторлық бағдарлама түлектерінің арасында ҚР ҒЖБМ қаржыландыратын ғылыми жобалардың, сондай-ақ халықаралық жобалардың жетекшілері бар.

2023 жылы 26 ПОҚ және университет қызметкерлері Болашақ бағдарламасы бойынша «500 ғалым» ғылыми тағылымдамалар байқауының жеңімпаздары атанды: Беласарова Ж.Т., Дюсембина Г.Е., Жүнісбекова А., Құлсариева А.Т., Ержанова Ф.М., Серикова С.К., Омарова А.Б., Ерімбетова Ж.А., Оспанбеков Е.А., Муздыбаева К.К., Қуанышбаева Ж.Ж., Рахимова Г.К., Жақсыбаева Ж.М., Мошкалов А.К., Сарбаев К.Ж., Есенаман С.Е., Кемелбеков З.А., Әзіретбергенова Э.Ж., Бекболатова К.М., Сапаров Б.Ж., Қилыбаев Т.Б. және т.б.

 

2023 жылдың соңында ҚР ҒЖБМ ҒК қаржыландыратын ғылыми-зерттеу жобаларының саны 60 жобаны құрады, оның ішінде 4-еуі бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру жобасы. Жобалардың негізгі бағыттары «Білім және ғылым» (25 жоба) және «Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласындағы зерттеулер» (25 жоба) болып табылады. 2023 жылы Abai University жас ғалымдары жас ғалымдарға арналған 2 жобаны (Умирбекова А.Н., Ревшенова М.И.) және 2023-2025 жылдарға арналған 4 «Жас Ғалым» жобасын (Орынбаева Д., Қоңқабаева Н., Тілеуберді Е., Сейілхан А.) жеңіп алды.

 

2023 жылы Abai University «Keruen Plus» ЖШС-мен бірлесіп, ҚР ҒЖБМ «Ғылым қоры» АҚ қаржыландыратын DP21682051 «YBCO Модификаторларын пайдалана отырып, ПВХ негізіндегі композиттік материалдардан жасалған жылтыр экологиялық таза терезе төсеніштерін инновациялық өндіру» 1 коммерцияландыру жобасын жеңіп алды. 

 

Сондай-ақ, 2023 жылы «SEHA COMPANY» ЖШСкомпаниясымен 2026 жылға дейін ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізу туралы келісімшарт жасалды.

 

2023 жылы университеттің өз қаражаты есебінен Абай атындағы ҚазҰПУ-дің 95 жылдығына орай (шағын ынталандыру гранттары) 25 ғылыми жобаға, яғни жас ғалымдарға арналған 15 жобаға және университеттің штаттық ПОҚ мен қызметкерлеріне арналған 10 жобағагранттық қаржыландыру бөлінді.

 

2023 жылдың соңында 317 ПОҚ, қызметкерлер, постдокторанттар, олардың 70-тен астамы университеттіңжас ғалымдары республикалық бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми жобалардың зерттеу топтарының жетекшілері және/немесе орындаушылары болды, мұнда грантхолдерлер Абай атындағы ҚазҰПУ және/немесе басқа ұйымдар (54 ПОҚ) болып табылады. 

 

2023 жылы университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы мен қызметкерлері Scopus (236) және Web of Science (110) индекстелетін шетелдік журналдарда 340-тан астам ғылыми мақалалар жариялады. Q1, Q2 жоғары рейтингті журналдардағы жарияланымдар үлесі өткен жылмен салыстырғанда 20%-ға өсті. Scopus және Web of Science-те индекстелетін шетелдік журналдарда ТДМ саласындағы жарияланымдар саны 24 құрады. Шетелдік серіктестермен бірлесіп 58 мақала қосалқы авторлықта жарияланды. 

 

2023 жылы университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы мен қызметкерлері 2630-ға жуық жұмыс жариялады, оның ішінде 480-і ҚР ҒЖБМ ҒЖБССҚКұсынған журналдарда, 203-і шетелдік журналдарда, 400-і ҚР ғылыми журналдарында, 379-ы шетелдік конференциялардағы мақалалар және/немесе тезистер, 663-і ҚР ұйымдастырылған халықаралық, республикалық конференциялардағы мақалалар және/немесе тезистер. Сондай-ақ, 40 монография, мектептерге арналған 21 оқулық, мектеп мұғалімдеріне арналған 21 оқу құралы, ҚР жоғары оқу орындарына арналған 114 оқу-әдістемелік құрал жарияланды. 125 авторлық куәлік және 9 өнертабыс патенті алынды.