қазақша · русский · english
 
 
 

 

Ел тарихындағы тұңғыш жоғары оқу орны - Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті 95 жылдан бері білікті болашақ ұстаздар даярлау миссиясын абыроймен атқарып келеді. 2023 жылы университет QS World Ranking Central Asia рейтингі бойынша Топ-5 жоғары оқу орнының тізіміне енді, сонымен қатар Орталық Азиядағы үздік педагогикалық жоғары оқу орны болып танылды.
 
Университет қабырғасында С. Асфендияров, С. Сейфуллин, А. Байтұрсынов, Х. Досмұхамедов, Т. Жүргенов, И. Қабулов, Кеңес Одағының Батыры М. Ғабдуллин және т.б. сияқты көрнекті тұлғалар мен мемлекет қайраткерлері еңбек етіп, қызмет атқарды. Университетте атақты ғылыми мектептер, әсіресе педагогика мен білім, тіл білімі мен лингвистика, әдебиеттану салаларында қалыптасты. 
 
Барлық уақытта университет өзінің ғылыми кадрлық әлеуетімен лайықты түрде мақтан тұтқан:
ҚР ҰҒА академиктері - (5 адам): Қойгелдиев М.Қ., Бейсенова Ә.С., Әбілқасымова А.Е., Сманов Б.Ө. және Сәбикенов С.Н. 
ҚР ҰҒА корреспондент-мүшелері - (5 адам): Косов В.Н., Оразбаева Ф.Ш., Құлсариева А.Т., Әбсаттаров Р.Б., Кенжебаев Ғ.Қ.
 
2023 жылы ҚР жоғары оқу орындарының ПОҚ Бас рейтингінің Топ-50 құрамына бай университетінің 5 профессоры енді: Косов В.Н., Бөрібаев Е.Ә., Хамзина Ж.А., Бердышев А.С., Жармағанбетова А.Қ., сонымен қатар 1 жас ғалым Тілеуберді Е. кірді. 
Жыл сайынғы «ЖОО-ның үздік оқытушысы», «Үздік ғылыми қызметкер» атақтарының және мемлекеттік стипендия иегерлері (2020-2023 жылдар):
 
2020 жыл 
«ЖОО-ның үздік оқытушысы» атағының иегерлері: Әбдіғапбарова Ұлжарқын Мүсілімқызы, Какимова Лаура Шәріпқызы.
Мемлекеттік стипендия иегерлері: Бөрібаев Ермек Әбілтайұлы.
Дарынды жас ғалымдарға арналған мемлекеттік стипендия иегерлері: Достілек Дәуітбек.
 
2021 жыл 
«ЖОО-ның үздік оқытушысы» атағының иегерлері: Шайбакова Дамина Дисинғалиқызы, Сағымбаева Айнұр Есенғазықызы, Көшербаева Айгерім Нұралықызы, Искакова Наркеш Біләлқызы, Конева Светлана Николаевна, Қалқаева Несібелі Бақытқызы, Сабирова Дина Алтайқызы.

«Үздік ғылыми қызметкер» атағының иегерлері: Аяпова Таңат Тәңірбердіқызы, Бердышев Абдумаувлен Сулейманұлы, Мовкебаева Зульфия Ахметвалиевна, Нұрбекова Жанат Кунапиақызы.

Мемлекеттік стипендия иегерлері: Далаева Теңлік Тоқтарбекқызы.
Дарынды жас ғалымдарға арналған мемлекеттік стипендия иегерлері: Байқұлова Әйгерім Мейірханқызы.
 
2022 жыл 
«ЖОО-ның үздік оқытушысы» атағының иегерлері: Әбішева Оңал Тоққұлқызы, Лайсханов Шахислам Ұзақбайұлы, Рысқан Айнұр Рысқанқызы.
«Үздік ғылыми қызметкер» атағының иегерлері: Есенова Қалбике Өмірбайқызы.
Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Мемлекеттік сыйлықтың иегерлері: Ишпекбаев Жанатбек Есенқожаұлы.
Мемлекеттік стипендия иегерлері: Есенова Қалбике Өмірбайқызы, Хамзина Жанна Амангелдіқызы, Әбішева Сәуле Жүнісқызы.
Дарынды жас ғалымдарға арналған мемлекеттік стипендия иегерлері: Лайсханов Шахислам Ұзақбайұлы, Әйтенова Эльмира Әбдіқалыққызы, Жүнісбекова Азиза, Уайдуллақызы Эльмира.
 
2023 жыл 
«ЖОО-ның үздік оқытушысы» атағының иегерлері: Жұмағұлов Болат Сағидоллаұлы, Алиаскаров Думан Тоқтарұлы, Бекенаева Қымбат Сламқызы.

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Мемлекеттік сыйлықтың иегерлері: Құрманбайұлы Шерубай («Мұқағали тілі сөздігі» монографиясының бірлескен авторлары Түймебаев Жансейіт, Қалиев Байынкөл және Исакова Сәбира).

Мемлекеттік стипендия иегерлері: Бердышев Абдумаувлен Сүлейманұлы.

Дарынды жас ғалымдарға арналған мемлекеттік стипендия иегерлері: Байшемиров Жарасбек Дүйсембекұлы, Сейілхан Айнұр Сейілханқызы.