қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
05.05.2018

«Ардагерлерге құрмет!» қайырымдылық акциясы

 

9 мамыр Жеңіс күні қарсаңында 2018 жылдың 30 наурыз - 4 мамыр күндері аралығында Екінші Дүниежүзілік соғысқа қатысқан ардагерлерді қолдау бойынша «Ардагерге құрмет!» қайырымдылық акциясы өткізілді.

 

Дәстүрлі акцияны Алматы қаласының «Ұлы Отан соғысы ардагерлері, тыл еңбеккерлері және соғыс балалары кеңесі» қоғамдық қоры ұйымдастырды. Қайырымдылық акцияда Гүлбахира Ширинбаеваның жетекшілігімен «Мейірім» клубының ерікті студенттерінің Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, сонымен бірге тыл еңбеккерлері және соғыс ардагерлерінің балаларына азық - түлік тарату жұмысын ұйымдастыру шаралары жүргізілді. Аталған шарада «Магнум» сауда кешені азық-түлік себетін дайындауда қаржылай қолдау көрсетіп, демеуші болып қатысты.


Акция барысында «Мейірім» клубының 50-ге тарта ерікті студенттері Алматы қаласы бойынша әр ауданда орналасқан 25 үйге барып, 25 ардагерді құттықтады. Ерікті студенттер ардагерлерге жылы тілектермен, Алматы қаласының «Ұлы Отан соғысы ардагерлері, тыл еңбеккерлері және соғыс балалары кеңесі» қоғамдық қоры атынан азық-түлік себеттерін және «Жеңіс» символы ретінде құттықтау хаттары мен георгий лентасын табыс етті. Студенттер ардагерлермен, соғыс және соғыстан кейінгі өмірлері туралы сұхбат жүргізді.

 

Ардагерлердің орта жастары 94-жаста. Егде жастарына қарамастан, олардың көпшілігі соғыс ардагерлер кеңесінің жұмысына қатысады, жастармен әскери-патриоттық жұмыстар жүргізеді.


Бүгінгі әлемде өмір сүріп жатқан барлық адамдар атынан оларға үлкен алғыс айтып, басымызды иеміз.

 

         

 

         alt= 

 

         

 

         alt= 

 

  «Мейірім» қайырымдылық клубы