қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
08.05.2018

 

 

Қымбатты Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлері! 


Құрметті оқытушылар, қызметкерлер, студенттер, магистранттар мен докторанттар!


 

Сіздерді және жақындарыңызды Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!

 

Жеңіс күні бәріміз үшін айрықша қымбат, қасиетті мереке. Бұл мереке біздің халқымыздың ұлттық сипаты мен рухының күш-жігерін, біздің азаматтарымыздың терең патриоттық сезімін, ата-бабаларымыздың және Қазақстанның өткен тарихына деген құрметті бейнелейді.

 

Біз Ұлы Жеңіс ардагерлерінің Отан алдында жасаған ерен ерліктері мен тылдағы қажырлы еңбектерін ешқашан ұмытпаймыз және болашақ ұрпақтың бақыты үшін өмірін қиған батырларымызға тағызым етеміз. Қайсар батырларымызды ұлықтау, ерлігін жүрегімізде сақтау - біздің қасиетті борышымыз. Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне бейбіт өміріміз бен бақытты болашағымыз үшін алғысымызды білдіреміз және құрмет тұтамыз.

 

Сіздерді Жеңіс Күнімен құттықтаймын! Зор денсаулық және табыс, отбасыларыңызға амандық, өскелең ұрпақты Отанға адал қызмет етуге тәрбиелеу сынды игі істе табыс тілеймін. 

 

Құрметпен,

ректор Такир Балықбаев