қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
01.03.2022

Бос лауазымға үміткерлерді іріктеу туралы өтінім

 

Вакансия закрыта



Бос лауазымның атауы:

Қоғаммен байланыс департаменті

«Абай» телестудиясының жетекшісі

Негізгі лауазымдық міндеттері:

- телестудия тұжырымдамасын әзірлейді;

- университеттің ресми сайты мен әлеуметтік желілері үшін ақпараттық бейнематериалдар жасау бойынша жұмысты ұйымдастырады;

- университет қызметі туралы деректі фильмдер мен бейнероликтер түсіру жұмыстарын ұйымдастырады;

- бейнематериалдарды ұсынудың белгіленген мерзімдерінің сақталуын бақылайды;

- телестудияның шығармашылық жобаларын әзірлеуге және оларды көркемдік безендіруге, бейнематериалдарын дайындауға қатысады;

- университет аумағында студенттерге арналған дайын бағдарламалардың трансляциясын ұйымдастырады;

- Университеттің басқа бөлімшелерімен және бөлімдерімен, сондай-ақ лауазымды тұлғалармен өзара әрекеттеседі;

- Университет басшылығы тапсырмалары мен ағымдағы жұмыстың орындалуын қадағалайды;

- материалдық және қаржылық ресурстарды, техникалық құралдарды ұтымды пайдалануды, ұжымда шығармашылық атмосфераны құру үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етеді;

- телерадио хабарларын құрудың отандық және шетелдік тәжірибесін енгізу, телерадио хабарларын тарату нысандары мен түрлерін жетілдіру бойынша жұмыс жүргізеді.

Білімі:

жоғары білім

Іссапарларға шығуы:

мүмкін

Талап етілетін кәсіби тәжірибе (ұзақтығы, саласы және т.б.)

Шығармашылық ұйымдарда басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл.

Кәсіби құзыреттері:

Есептер мен іскерлік хаттарды, жұмыс жоспарын жаза білу. Бейнематериалдар мен роликтерді монтаждау. Жаңалықтар мәтіндерін, репортаждарды, қысқа метражды фильмдер мен шығармашылық бейнероликтерге сценарийлерді дайындау дағдылары болуы міндетті.

Жеке құзыреттері мен қасиеттері:

Командада жұмыс істей білу, жауапкершілік, адалдық, мақсаттылық, ұқыптылық.

Мемлекеттік тілді қоса алғанда, тілдерді білуі (кандидат меңгеруі тиіс тілдердің тізімі)

қазақ, орыс тілдері

Компьютерлік дағдылары:

Adobe Photoshop, Adobe Premiere Pro; MS Office бағдарламаларын жақсы меңгеру; электрондық поштамен (Outlook Express) және әртүрлі браузерлермен (Opera, Firefox, Chrome) жұмыс істеу.

Түйіндемені тапсыру мерзімі:

2022 жылғы 1 шілдеге дейін 

Байланысушы тұлға:

hrteam@abaiuniversity.edu.kz

Римма Абдықадырқызы

8 (727) 293-86-38, 8 778 908 09 20