қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
21.06.2018

БСҚТҚА: Абай атындағы ҚазҰПУ Қазақстанның үздік университеттері қатарында

 

2018 жылдың 15 маусымы күні Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігi (БСҚТҚА) қазақстандық жоғары оқу орындарының 2018 жылғы рейтингісінің қорытындысын шығарды.

 

Бұл рейтинг оқу орындарының қызметінің негізгі аспектілерін, соның ішінде білім беру сапасын, ғылыми зерттеулер деңгейін, еңбек нарығында мұғалімдер мен түлектердің бәсекеге қабілеттілігін қамтиды. Сонымен қатар, жоғары оқу орындарын білім мен дағдылар алу сапасына қарай, жұмыс берушілер мен сарапшылардың көзқарасы бойынша бағалауға мүмкіндік береді.

 

Мамандарды даярлайтын мамандықтарды ескере отырып, жоғары оқу орындарының рейтингі келесі бағыттар бойынша ұйымдастырылды: көпсалалы, техникалық, педагогикалық, гуманитарлық-экономикалық, медициналық және өнер жоғары оқу орындары.

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті БСҚТҚА рейтингіне сәйкес ең жоғарғы 100 балдық көрсеткішпен Қазақстандағы педагогикалық жоғары оқу орындарының қатарында бірінші орынды иеленді.

 

Жалпы алғанда, 2018 жылғы рейтинг 289 оқу бағдарламасы бойынша деректер ұсынған елдегі 60 ЖОО қызметінің бағасын берді.

 

Сонымен қатар, БСҚТҚА қазақстандық университеттердің веб-сайттарының жұмысын бірқатар көрсеткіштер бойынша бағалады. 2018 жылы Абай атындағы ҚазҰПУ-дың сайты тоғызыншы орынды иеленіп, алғашқы ондыққа кірді (2016 жылы сайт 26-шы орынды иеленген болатын).

 

 

 

Қоғаммен байланыс жөніндегі бөлім