қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
22.06.2022

Шығармашылық емтихандарға тапсыру алгоритмі


І. Ағымдағы жылғы 20 маусым мен 7 шілде аралығында шығармашылық емтихандарға қатысу үшін университет жанынан өтініш қабылдау жүзеге асырылады. Өтінішке келесі құжаттар қоса беріледі:


1. Жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім туралы құжат (түпнұсқа);

2. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3. 3x4 сантиметр көлеміндегі және JPG электрондық форматындағы алты фотосурет.

4. №ҚР ДСМ - 175/2020 бұйрығымен бекітілген электрондық нұсқадағы 075/у нысаны бойынша Медициналық анықтама, флюорография суреті;

5. ҰБТ сертификаты;

 

ІІ. Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Өнер, мәдениет және спорт институтына түсу мақсатында шығармашылық емтихан тапсыру үшін Ұлттық бірыңғай тестілеуден (бұдан әрі - ҰБТ) Қазақстан тарихы және оқу сауаттылығы екі пәннен 5 баллдан жоғары балл жинаған  тұлғалар  шығармашылық емтиханға және мемлекеттік білім гранты конкурсына қатыса алады.

 

Ескерту: Шығармашылық бағаттағы білім бағдарламаларына ақылы негізде түсу үшін ҰБТ - дан (Қазақстан тарихы және Оқу сауаттылығы) екі пәннен жинаған балдары 1-кестестеде білім бағдарламаларының топтары бойынша көрсетілген шекті балдан кем болмауы керек.

 

1 - кесте

 

Шығармашылық бағаттағы білім бағдарламаларына

ақылы негізде түсушілер үшін ҰБТ шекті балы

 

Білім беру бағдарламасы тобының нөмірі

Білім беру бағдарламалары топтарының атауы

ҰБТ

 шекті балы

В004

Бастапқы әскеридайындық мұғалімдерін даярлау

25

В005

Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау

25

В006

Музыкалық білім беру мұғалімдерін даярлау

17

В007

Көркем еңбек мұғалімдерін даярлау

17

В028

Хореография

17

В029

Аудио визуалды құралдаржәне медиа өндіріс

17

В030

Бейнелеу өнері

17

В031

Сән және дизайн

17

 

ІІІ. Шығармашылық емтихандар күнтізбелік жылдың 8-13 шілдесі аралығында ДПО базасында өтеді. Үміткерлер даярлық бейініне сәйкес 2 шығармашылық емтихан тапсырады.

 

IV. Әрбір шығармашылық емтихан барынша 45 баллмен бағаланады және ҰБТ балдарымен жиынтықталады. «Педагогикалық ғылымдар» бағыты бойынша грант конкурсына қатысу үшін жалпы өту балы - 75, «өнер» бағыты бойынша - 65; Abai University «педагогикалық ғылымдар» бағыты бойынша ақылы негізге түсу үшін - 80, «өнер» бағыты бойынша-ықтимал 125 баллдың 75-і.

 



269

Кері оралу