қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
24.09.2018

Астана қаласында білім сапасы бойынша бірінші Еуразиялық форум өтті

 

20-21 қыркүйекте Астанада білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттіктің 10 жылдығына орай бірінші Еуразиялық форум өтті.


Форум жұмысына Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов және шетелдік сарапшылар: Германиядағы Дуйсбург-Эссен университетінің білім сапасын арттыру бойынша сарапшы Петра Пистер, Нидерланды және Фландрия аккредиттеу агенттігінің сарапшасы Мишель Вера қатысты.

 

Форумда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеттің ректоры, профессор Такир Балықбаев жоғары білім беру орындарында сапаны қамтамасыз ету жүйесі туралы баяндама жасады.

 

   

 

   

 

   

 

Сондай-ақ форум барысында Қазақстандағы жоғары оқу орындарының мерейтойлық 10-шы ұлттық рейтингісінің қорытындысы жарияланды.

 

2018 жылдың рейтингі нәтижесіне сәйкес Абай атындағы ҚазҰПУ үш беделді номинациялар бойынша 1 орынды иеленді: «Қазақстанның үздік педагогикалық жоғары оқу орындары», «Жұмыс берушілердің репутациялық бағалауы бойынша көшбасшы» және «Сарапшылардың репутациялық бағалауы бойынша көшбасшы».

 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің 90 жылдық мерейтойына орай профессор-оқутышылар құрамын және университет қызметкерлерін үлкен жетістіктерімен құттықтаймыз!

 

   

 

   

 

   

 

   

 

  

 

Сапаны сараптау және даму стратегиясы департаменті