қазақша · русский · english
 
Біз туралы
 
   Главная / Нұрланов Шынғыс Нұрланұлы

Нұрланов Шынғыс Нұрланұлы

Туған күні мен туған жері: 1987 жыл 2 наурыз, Шығыс Қазақстан облысы

Білімі:

2006-2010: Вашингтон университеті, АҚШ; мемлекеттік саясат бакалавры;

2017-2019 жыл: Назарбаев Университеті; білім беруді басқару магистрі.

 

Еңбек қызметі:

- 11.2010-03.2011 жж.: «Болашақ халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Еуропа елдері бөлімінің маманы, менеджері;

- 03.2011-05.2011 жж.: «Болашақ халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ экономикалық-жоспарлау бөлімінің менеджері;

- 05.2011-10.2011 жж.: «Назарбаев Университеті» АҚ Жоғары бизнес мектебінің консультанты;

- 10.2011-09.2013 жж.: Білім берудегі менеджментті зерттеу басқармасының жетекші талдаушысы, ҚР БҒМ «Ақпараттық-талдау орталығы»;

- 09.2013-03.2014 жж.: «Нұр Отан» партиясы қоғамдық саясат институтының халықаралық зерттеу бағдарламалары мен жобалары бөлімінің сарапшысы;

- 04.2014-11.2016 жж.: ҚР, GIZ халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Герман қоғамдастығы өкілдігінің «Орталық Азиядағы кәсіптік білім беру» жобасының үйлестірушісі;

- 01.2017-06.2017 жж.: Астана қаласындағы «Республикалық физика-математика мектебі» КеАҚ тәрбие жұмысы жөніндегі менеджері;

- 06.2017-01.2018 жж.: Астана қаласындағы «Республикалық физика-математика мектебі» КеАҚ тәрбие ісі жөніндегі директорының орынбасары;

- 01.2018-09.2019 жж.: Астана қаласындағы «Республикалық физика-математика мектебі» КеАҚ директоры;

- 09.2019-08.2021 жж.: «Nur Otan» партиясының Саяси менеджмент мектебінің директоры;

- 08.2021 ж. - қазіргі уақытқа дейін: «Абай атындағы ҚазҰПУ» КеАҚ әлеуметтік даму жөніндегі проректоры.

 

Тілдерді меңгеру:

- Қазақ тілі

- Орыс тілі

- Ағылшын тілі

- Түрік тілі


Мемлекеттік наградалар, құрметті атақтар:

- ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Құрмет» грамотасы;

- «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 95 жылдығы» медалі.


Ғылыми еңбектері мен жарияланымдары:

- Нұрланов Ш.Н., Біләлов Д.Н., Абсатова М. А. HONORS COLLEGE ТИПІ БОЙЫНША АКАДЕМИЯЛЫҚ АРТЫҚШЫЛЫҚ МОДЕЛІ: ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН МӘСЕЛЕЛЕРІ //Абай атындағы ҚазҰПУ хабаршысы, «Педагогикалық ғылымдар» сериясы. - 2023. - Т. 77. - №. 1. - Б. 5-13.

 

- Нұрланов Ш.Н. AUTOETHNOGRAPHIC METHOD: IMPLEMENTATION IN A RESEARCH STUDY //Абай атындағы ҚазҰПУ хабаршысы, «Педагогикалық ғылымдар» сериясы. - 2023. - Т. 78. - №. 2. - Б. 25-32.

 

Ғылыми гранттар:

ҚР ҒЖБМ «Honors типі бойынша академиялық артықшылық моделі» ғылыми-зерттеу грантын орындаушы (2023-2026 жж.)

Ғылыми қызығушылықтары: білім беруді басқару, білім берудегі көшбасшылық, педагогика, тәрбие жұмысы.


Сертификаттар:

- Университетті цифрландыру;
- Университеттегі тәуекелдерді басқару;
- Университеттердің жаңа буынының басшыларына арналған тренинг;
- Өзгерістерді басқару;
- Келіссөздер жүргізу;
- Көпшілік алдында сөйлеу және шешендік өнер;
​​​​​​​- Байланыс;
​​​​​​​- Жаттықтырушыларға арналған тренинг.


АҚШ, Германия, Гонконг, Ресейде тағылымдамадан және біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

 

Басқа лауазымдары:

- Алматы физика және математика мектебінің Байқау кеңесінің мүшесі;
- «Белес» талдау және стратегия орталығының ортақ құрылтайшысы.



← Кері оралу