қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
07.10.2014

Университетте ұстаздар ұлықталды


2014 жылғы 3 қазанда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде жұрт жадында ұзақ уақыт сақталатындай салтанатты жиын болып өтті. Бұл мерекелік жиын Ұстаздар күніне арналды.
Әсем безендірілген кең залға жиналған университет ұстаздарын, студенттер қауымын, қонақтарды осы оқу орнының ректоры, п.ғ.д., профессор Серік Жайлауұлы Пірәлиев әрбір адамның жүрегіне жақын айтулы мерекемен құттықтады. Өз сөзінде ол Ұстаздар күні Қазақстандағы педагогикалық жоғары оқу орындарының көш бастары Абай атындағы ҚазҰПУ үшін төл мерекесіндей екенін баса айтты. Өйткені құрылғанына 86 жыл болған білімнің осы қара шаңырағында мыңдаған мұғалім білім алған, қазір де білім беру саласына аса қажетті мамандар даярлануда. Серік Жайлауұлы ұстаздар қауымы, соның ішінде Абай атындағы ҚазҰПУ ұжымы алдында тұрған маңызды міндеттерге тоқталды.
Жылы лебізді құттықтау сөзінен соң университеттің байырғы ұстаздарын, үлгілі еңбектерімен ел көңілінен шығып жүрген үздік мұғалімдерді марапаттау рәсімі өткізілді.
Мерекелік жиын соңы тамаша концертке ұласты.


Абай атындағы ҚазҰПУ
Баспасөз орталығы