қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
24.01.2023

Филология бойынша VII Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді

 

2023 жылғы 21 ақпанда филология ғылымдарының докторы, профессор О.А. Сұлтаньяевтың туғанына 85 жыл толуына арналған «Сөйлеу мен тілдегі сөз: филология ғылымындағы қазіргі зерттеу» VII Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді.


Бұл ғылыми іс-шараның мақсаты - филология ғылымының жай-күйі мен даму перспективаларын талқылау, өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдарын көрсету және тіл білімі мен әдебиеттану саласындағы заманауи зерттеулердің басым бағыттарын айқындау. Конференцияға қатысу үшін филолог ғалымдар, жас зерттеушілер, мектеп мұғалімдері шақырылады. Ғылыми-практикалық конференцияға қатысушыларға сертификаттар беріледі.

Ақпараттық хат



330

Кері оралу