қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
24.03.2023

Математика, физика және информатиканы оқыту әдістемесі кафедрасының кеңейтілген отырысы өтеді

 

2023 жылдың 4 сәуірінде сағат 15.00-де Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «6D011000 - Физика» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін дайындалған Жусипбекова Шолпан Ерлепесовнаның «Медициналық жоғары оқу орындарында «Электротехника және электроника негіздері» пәнін оқыту әдістемесі» тақырыбындағы диссертациялық жұмысы «Математика, физика және информатиканы оқыту әдістемесі» кафедрасының кеңейтілген мәжілісінде талқыланады.

 

Кафедраның кеңейтілген мәжілісі офлайн және онлайн форматта өтеді.

 

Диссертация Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде орындалған.

 

Қорғау тілі - қазақша.

 

ҒЫЛЫМИ КЕҢЕСШІЛЕРІ:

Әлімбекова Гүлжахан Бершінбекқызы - педагогика ғылымдарының докторы, Абай атындағы ҚазҰПУ «Математика, физика және информатиканы оқыту әдістемесі» кафедрасының профессоры.

Бабаев Доолотбай Бабаевич - педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Заманауи ақпараттық технологиялар және білім беру институты Педагогикалық шеберлік факультетінің деканы, Бішкек қаласы, Қырғызстан.

 

РЕСМИ РЕЦЕНЗЕНТТЕР:

Сандибаева Назира Абдикадировна педагогика ғылымдарының кандидаты, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің қауымдастырылған профессоры, Алматы қаласы, Қазақстан (мамандық шифры: 13.00.01).

Оспанбеков Ербол Анарбекович - PhD, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті «Математика, физика және информатиканы оқыту әдістемесі» кафедрасының аға оқытушысы, Алматы қаласы, Қазақстан (мамандық шифры: 6D011000-Физика).

 

ZOOM

https://us06web.zoom.us/j/89775335512?pwd=ZGpSdmZPQ2hQZkJpRVRKcDc2SXpodz09

 

Конференция идентификаторы: 897 7533 5512

 

Код: 272298

 

YouTube: https://www.youtube.com/channel/UCBUJDvtbCbblef5qhUQMMhw

 

Мекенжайы: 050010, Алматы қаласы, Төле би көшесі, 86, Оқу корпусы №5 (4-қабат, 415-кабинет).