қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
13.04.2023

Абай университетінің ғылыми-зерттеу профессоры бос лауазымына конкурс


Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті профессор-зерттеуші 1 бос лауазымына конкурс өткізу туралы хабарлайды.

 

Конкурсқа қатысуға өтінімге мыналар кіреді: конкурсқа қатысуға өтінім, түйіндеме, жеке ғылыми-зерттеу бағдарламасының жобасы, үміткерлерге қойылатын талаптарды растайтын құжаттамамен портфолио (дәйексөздер базасынан скриншоттар, шетелдік басылымдардағы жарияланымдардың көшірмелері және т.б.), ғылыми дәреже алғанын, ғылыми атақ берілгенін растайтын құжаттарды, ғылыми жұмыстар мен өнертабыстар тізімі, өтініш берушінің біліктілігін растайтын қосымша құжаттар, оның ішінде ұсыныс хаттар, бұрынғы жұмыс орындарынан анықтамалар.

 

Конкурстық өтінімдер 2023 жылдың 20 сәуіріне дейін Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Ғылым департаментіне тапсырылады. Мекенжайы: Алматы қ., Қазыбек би к-сі, 30, каб. № 209, 203-а.

 

Жауапты тұлға: Ғылым департаменті директорының м.а. Ұ. М. Абдигапбарова

 

Профессор-зерттеуші туралы Ережемен Абай атындағы ҚазҰПУ сайтында танысуға болады