қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
08.12.2018

«Жаңа заман - жас маман» семинар - тренингі


2018 жылдың 7 желтоқсанында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Мансап» орталығы бітіруші түлектердің жан-жақты сауатты маман болып шығуы үшін «Жаңа заман - жас маман» тақырыбында семинар-тренингтер сериясын бастады. Семинар «Өрлеу» БАҰО - мен бірге өткізілді.

 

«Өрлеу» БАҰО-ның білікті мамандары Салтанат Арзымбетова және Клара Баекешева Абай университетінің бітіруші түлектеріне оқу процесінде ең маңызды болған, жаңартылған білім мазмұны бағдарламасы аясындағы ҚМЖ (қысқа мерзімді жоспар), ОМЖ (орта мерзімді жоспар), ҰМЖ (ұзақ мерзімді жоспар) құрылымымен таныстырып, ҚМЖ құрудың тиімді жолдарын үйретті.

 

Бітіруші түлектер тақырыпқа қатысты түрлі деңгейдегі сұрақтарды қойып, қанағаттанарлық жауап алды.

 

Қара шаңырақ түлектері бүгінгі оқу үдерісіне сақадай сай екенін бүгінгі өткен семинар барысында тағы бір дәлелдеді. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры Такир Балықбаевтың қолдауымен жүріп жатқан семинар-тренингтер сериясы алдағы уақытта да жалғасын табады.

 

   

 

   

 

 

  

 

Карьера орталығы