қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
10.12.2018

«Тәуелсіздік жолындағы рухани тұлғалар»

 

7 желтоқсанда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Таным» жас сарапшылар клубының ұйымдастыруымен Тәуелсіздік күніне орай, «Тәуелсіздік жолындағы рухани тұлғалар» тақырыбында ғылыми-практикалық студенттік конференция өтті.


Конференцияға әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті, Шет тілдер және іскерлік карьера университеті және Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің студенттері «Еркін дінтанушылар клубының» кезекті көшпелі сұқбаттасу алаңының аясында баяндамалар жасады.


Әсіресе, конференция бағдарламасында - Алаш қайраткерлерінің тәуелсіздік жолында сіңірген еңбектері, рухани ұстаз - Мәшһүр Жүсіп Көпей, Ахмет Байтұрсынұлының ұстаздық жолы, Алаш қозғалысының төл перзенті - Мұстафа Шоқай, елдікке бастаған көшбасшы тұлға - Дінмұхаммед Қонаев, рухты қайраткер Мұхтар Шаханов және т.б. ұлтымыздың белгілі тұлғалары һақында танымдық тақырыптар қозғалды.


Жақында ғана Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында жас ұрпақтың тарихи-рухани ағартушылық танымын қалыптастыруға айрықша көңіл бөлетіндігін ерекше атап көрсетті. Міне, осы бағыттағы жас мамандардың заманауи ойлау мен сараптамалық қабілеттерін дамыту, ғылыми-практикалық талдауларын машықтау, дәстүрлі ұлттық көзқарастарды жасақтауда жас мамандардың қоғамдық-ғылыми орталарын қалыптастыру ауадай қажет дүние. Сол себепті Елбасының мақаласында көтерілген еліміздің әр саласының ұлы тұлғаларын ұлықтау, оны жас буынға тәрбиелік бағытта насихаттау бүгінгі жас сарапшылардың зерттеу обьектілеріне айналдыру өзекті болып табылады.

 

Абай университетінің тарапынан бірнеше жыл бойы арнайы «Тұлғатану» орталығы өз жұмысын сәтті атқарып келеді. Жуырда ғана студенттердің бастамасымен осы бағытта «Таным» жас сарапшылар клубы құрылды. Аталған студенттік ғылыми-практикалық конференция «Таным» клубының ұйытқы болуымен жүзеге асырылып отыр. 

 

   

 

   

 

  

 

 

Жобалау кеңсесі