қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
23.12.2014

2013 жылы Ханой қаласында (Вьетнам Социалистік Республикасы) Қазақстан Республикасының елшілігі ашылды. Осыған байланысты 2014 жылы 3 желтоқсанда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры, профессор С.Ж.Пірәлиевтің бастамасымен Ханой педагогикалық университетінде 2013 жылы ашылған «Абай атындағы мәдени және ғылыми орталықта» ХПУ және Вьетнамдағы Қазақстан елшілігі өкілдерінің кездесуі болып өтті.
Кездесуге Қазақстанның Вьетнамдағы Елшісі Бекетжан Жумаханов мырза , Ханой педагогикалық университетінің ректоры Нгуен Ван Минь мырза, ХПУ-дың бұрынғы ректоры Нгуен Ван Тхинь мырза, Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры Чан Динь Лам мырза қатысты.
Кездесу кезінде мәдени-гуманитарлық саладағы екіжақты қызметтестікті дамыту көкжиектері талқыланды. ХПУ ректоры Нгуен Ван Минь мырза Қазақстан елшілігінің ашылуы ғылым, мәдениет және білім саласындағы қызметтестіктің дамуына кең мүмкіндіктер ашатынын атап өтті.


Ақпаратты дайындаған Шетел азаматтарына арналған филологиялық пәндер кафедрасының профессоры Б.С. Балғазина.