қазақша · русский · english
 
Біз туралы
 
   Главная / Оракова Амангул Шахарбековна

Оракова Амангул Шахарбековна

Оракова Амангул Шахарбековна


Оракова Амангул Шахарбековна 1971 жылы 28 қазанда Ақтөбе облысы, Қарабұтақ ауданы, Аралтоғай селосында туған. 1986 жылы Аралтоғай орта мектебін бітірген. 1990 жылы «Жалпы білім беретін мектептегі 4-8 кластарға еңбек сабағын оқыту» мамандығы бойынша Ақтөбе педагогикалық училищесін, 1997 жылы  «Еңбекке оқыту және сызу мұғалімі» мамандығы бойынша Қ.Жұбанов ат. Ақтөбе педагогикалық институтын бітірген. 2011 ж. - HONORAR-PROFESSOR fir Pedagogic Euregio Hochschule (Бельгия). 2015 ж.  - Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі. М.М. Жанпейсованың модульдік оқыту технологиясының, деңгейлік бағдарламалар (екінші, үшінші деңгей және мектептегі мұғалім көшбасшылығы) және ҚР орта білім мазмұнын жаңарту аясында «Бейнелеу өнері», «Көркем еңбек», «Графика және жобалау» пәндері бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курстарының тренері.

 

БІЛІМІ

Білім мекемесі

Квалификация

Бітіру уақыты

Ақтөбе педагогикалық училищесі

«Жалпы білім беретін мектептегі 4-8 кластарға еңбек сабағын оқыту» мамандығы

1990

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе педагогикалық институты

«Еңбекке оқыту және сызу мұғалімі» мамандығы

1995

 

ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕСІ

Ғылыми дәрежесінің атауы

Ғылым саласы

Диплом берілген уақыты

Педагогика ғылымдарының кандидаты

13.00.01- Жалпы педагогика, педагогика және білім тарихы, этнопедагогика

2006

 

ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТІ

Ғылыми атағының атауы

Берілген уақыты

Педагогика мамандығы бойынша доцент

2009

 

ОҚЫТАТЫН ПӘНДЕРІ:

-  Адам ресурстарын басқарудағы HR-менеджмент және цифрлық технологиялар;

-  Жоғары мектеп педагогикасы;

-  Жоғары оқу орнындарындағы педагогикалық дизайн;

-  Мемлекеттік білім беру саясаты;

-  Онлайн оқытудағы интерактивтік әдістер;

-  Өзін-өзі басқару және педагог-психологтің имиджі;

-  Педагогикалық дизайн.

 

ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТІ:

- 2021-2023 жж. «Білім және ғылым саласындағы зерттеулер» басымдық бағыты бойынша «Білім және ғылым жүйесін жаңғыртудың ғылыми негіздері» тақырыбы бойынша «ТжКБ, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесінде педагогикалық бағыттағы білім беру бағдарламаларын жобалаудың ғылыми-әдіснамалық негіздемесін әзірлеу» жобасының мүшесі.

- Педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламаларының авторы (9 бағдарлама);

- 2012-2016 жылдарға арналған функционалдық сауаттылықты дамытудың ұлттық жоспарын әзірлеу тобының мүшесі.

 

ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫС:

Ғылыми журналдар мен жинақтардағы мақалалары (36), баяндама тезистері (35), әдістемелік нұсқаулықтары (7), монографиясы (1) жарияланған.

Алматы қаласындағы №123 Қ.Яссауи атындағы мектеп-гимназия, Абай атындағы Алматы облыстық мамандандырылған гимназия-интернаты, Маңғыстау обл. Мұнайлы ауд. №10 Батыр орта мектебінің ғылыми жетекшісі. Біліктілікті арттыру және ғылыми ақпараттық Халықаралық орталығының  (Германия) Алматыдағы үйлестірушісі.

 

МАРАПАТТАР:

- 1999 ж. - «Тәрбие жүйесінің моделі» Республикалық байқауының ІІ дәрежелі жүлдегері.

- 1999 ж. -  ҚР білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрінің Құрмет грамотасымен;

- 2000 ж. - «ҚР білім беру ісінің үздігі» ҚР Білім және ғылым министрлігінің төсбелгісімен;

- 2014 ж. - «Біліктілік арттыру жүйесіндегі ынталы, белсенді, сапалы қызметі үшін «Үздік қызметкері»» Маңғыстау обл БАИ-ң төсбелгісімен;

- 2015 ж. - «Өрлеу» ҰБАО» Құрмет грамотасымен;

- 2015 ж. -. «Гуманитарлық ғылымдардың дамуына қосқан үлесі үшін» А.Маслоу атындағы Алтын медалімен;

- 2016 ж. - «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ҚР ББЖ ҚБАРИ құрмет грамотасымен марапатталған.


← Кері оралу