қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
13.12.2018

Педагогикалық білімді жетілдіру - бұл өзекті мәселе


  

 

12 желтоқсанда Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Қазақстан республикасы Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағанбетовтың қатысуымен «Педагогикалық білім беру жүйесін жетілдіру» тақырыбында Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің «Білім» мамандықтары тобы бойынша оқу-әдістемелік бірлестігінің кеңейтілген мәжілісі болып өтті.

 

Мәжіліске республикадағы педагогикалық университеттердің, педагог мамандар дайындайтын оқу орындарының, аймақтық білім басқармаларының, орта мектептердің, Назарбаев зияткерлік мектептерінің өкілдері қатысты.

 

Кеңейтілген мәжілісті Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры Такир Балықбаев ашты.

 

«Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарында инклюзивті білім беруді дамыту туралы» Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті жанындағы ҚР Жоғары оқу орындары инклюзивті білім беру бойынша ресурстық кеңес беру және тұлға психологиясы орталығының директоры Зульфия Мовкебаева, «Білім» бағыты бойынша арнайы емтихан билеттерінің мазмұны мен өткізу рәсімін жетілдіру туралы» Абай атындағы ҚазҰПУ Педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Әйгерім Көшербаева, «Педагогикалық жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамын тілдік дайындауға арналған магистратураның мамандандырылған бағдарламасының жобасы туралы» Абылайхан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің оқу ісі жөніндегі проректоры Әсел Чакликова баяндама жасады. Мәжіліске қатысушылар күн тәртібіндегі мәселелер бойынша пікір алмасты.

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағанбетов бүгінгі таңда педагогикалық білім беру жүйесін жетілдіру өте өзекті мәселе болып отырғанын айта келіп, бұл саладағы жүзеге асырылатын нақтылы міндеттерді айқындап берді.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

Қоғаммен байланыс жөніндегі бөлім