қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
19.12.2018

Тәуелсіздік күніне арналған салтанат

 

   

 

2018 жылғы 15 желтоқсанда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиналыс болып өтті.

 

Іс-шара еліміздің Тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген жетістіктерін ұлықтайтын сахналық көріністермен басталды. Университет ректоры, профессор Такир Балықбаев еліміз ғасырлар бойы аңсаған Тәуелсіздіктің баға жетпес құндылық екенін айта келіп, биыл ғана 90 жылдығын атап өткен Қазақстандағы тұңғыш жоғары оқу орнына мемлекет басшысы - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың ерекше назар аударып отырғанына тоқталды.

 

Университет бүгінде әлемдік 500 ТОП университеттің қатарында келеді. Ал еліміздегі педагогикалық жоғары оқу орындары арасында көшбасында. Бәсекеге қабілетті сапалы мамандар даярлау жолындағы жетістіктері үшін Тәуелсіздік мерекесіне орай университеттің оннан астам қызметкері Президенттің Жарлығымен жоғары мемлекеттік марапаттарға ие болды. Оның ішінде «Парасат» орденімен университет ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Такир Балықбаев, Математика, физика және информатиканы оқыту әдістемесі кафедрасының меңгерушісі Алма Абылқасымова, «Құрмет» орденімен университеттің тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректоры, профессор Жанатбек Ішпекбаев, Математика, физика және информатика институты Информатика және білімді ақпараттандыру кафедрасының профессоры, ҚР ҰҒА академигі Ғахип Уалиев, осы институт директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, профессор Ахтай Біргебаев, филология және көптілді білім беру институтының директоры, профессор Балтабай Әбдіғазиұлы, ардагерлер кеңесінің төрағасы, профессор Жұмаділ Шілдебаев, «Интелектуалды ұлт қалыптастыру» ғылыми орталығының директоры, профессор Марат Нуриев, «Ерен еңбегі үшін» медалімен Әлем тарихы кафедрасының профессоры Жұмахан Нұрманбетқызы, Жобалау офисінің жетекшісі, профессор Борасын Иманбердиев, химия кафедрасының профессоры Әзімхан Сейітжанов марапатталды.

 

Қазақстан Рсепубликасы Білім және ғылым министрлігінің «Ы.Алтынсарин» медаліне «Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарында инклюзивті білім берудің ресурстық кеңес беру және тұлға психологиясы» ғылыми орталығының бас ғылыми қызметкері, психология ғылымдарының докторы, профессор Жамиля Намазбаева ие болды. Сонымен қатар университеттің 40-тан астам оқытушысы мен қызметкері «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне - 90 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.

 

Университет ректоры, профессор Такир Балықбаев марапаттарды салтанатты жағдайда тапсыра келіп, оларға еңбекте жаңа табыстар тіледі. Сондай-ақ Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың университет ұжымына құттықтауын жеткізді. Мерекелік іс-шара концерттік бағдарламаға ұласты.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

 

Қоғаммен байланыс жөніндегі бөлім