қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
28.08.2023

Құрметті студенттер!

 

Абай университетінің 5 жатақханасы бойынша жолдама алған студенттер тізімі жарияланды. Осы тізім бойынша жатақханаларға 1 курс студенттері 2023 жылғы 4 қыркүйекке дейін, ал 2,3,4 курс студенттері 18 қыркүйекке дейін орналасуларыңызды сұраймыз. Тізімде білім алушының орналасатын жатақханасына қатысты барлық мәлімет көрсетілгендіктен, Ахуалдық орталықтан жолдама алудың қажеті жоқ екенін ескертеміз. Жолдама білім алушы орналасқан жатақханада беріледі.


Жатақханалардың орналасқан жері туралы ақпарат:
- №1 жатақхана (Төле би көшесі, 35);
- №2 жатақхана (Қонаев көшесі, 82);
- №3 жатақхана (Қазыбек би көшесі, 34);
- № 5 жатақхана (Абай көшесі, 56 б);
- № 8 жатақхана (Уалиханов көшесі, 64).


Қосымша сұрақтар бойынша төмендегі байланыс телефонына хабарласуға болады:

Жедел желі телефоны: 8 747 848 65 16.

 

Жатақханаға жолдама алған студенттер тізімі