қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
06.01.2015

Тоқтағұл тойына қатысты


Қырғыздың халық ақыны Тоқтағұл Сатылғановтың 150-жылдық мерейтойы биыл халықаралық түркі мәдениетінің ұйымы ТҮРКСОЙ аяасында аталып өтілді. Түркияда Тоқтағұл Сатылғанов шығармаларының толық жинағы бірнеше тілде сериалы кітаптар болып басылып шықты. Оның қазақ тіліндегі бір томдығы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.д., профессор Темірхан Сақаұлы Тебегеновтың аудармасымен жарық көрді.
Жақында ТҮРКСОЙ бас хатшылығының шақыруымен профессор Т.С.Тебегенов Әзербайжан Республикасының астанасы Баку қаласында өткен Тоқтағұл Сатылғановтың 150 жылдығына арналған халықаралық конференцияға қатысты. Түркия, Қырғызстан, Қазақстан, Өзбекстан, Әзербайжан мемлекеттерінің көрнекті әдебиет, мәдениет және ғылым қайраткерлері қырғыз ақынының шығармашылығы туралы сөз саралаған бұл жиында профессор Темірхан Тебегенов «Тоқтағұл әдеби мұрасы - түркі өркениетінің құндылық қазынасы» тақырыбында баяндама жасады. Осы жайында «Тоқтағұл: жыр болып өрілген, күй болып төгілген» деп аталатын 30 баспа табақ кітапты қазақ тіліне аударған әдебиетші ғалым Темірхан Тебегенов ТҮРКСОЙ мен Қырғыз Республикасының «Тоқтағұл Сатылғанов» халықаралық алтын медалімен марапатталып, ТҮРКСОЙ-дың арнаулы алғыс хатына ие болды.
Осы жиында Т.Тебегенов Әзербайжан Республикасының Мәдениет және туризм министрі Әбілфаиз Қараев пен Түркияның Ескишехр қаласының әкіміне қазақтың зерлі шапанын жауып, қазақ елінің сәлемін жеткізді.

 

Абай атындағы ҚазҰПУ
Баспасөз орталығы