қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
01.09.2023

Абай атындағы ҚазҰПУ: жатақхана мәселесі шешілуде

 

Абай атындағы ҚазҰПУ ағымдағы жылдың 28 тамызында Ахуалдық орталығында орын алған оқиғаға қатысты келесіні хабарлайды.


Қазіргі уақытта университеттің 5 жатақханасындағы төсек-орындар бірінші курстан бастап халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан студенттерге үлестірілді. Жатақханадан орын алмаған 150-ге жуық студенттер мен ата-аналар орталыққа келіп жатақханадан орын беруді талап етті. Университет басшылығы жатақханадан орын ала алмаған студенттер мен олардың ата-аналарына оқу орны студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету үшін жалға алған бірнеше хостел мен жатақханалардан орын ұсынып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.


Алайда, көптеген ата-аналар орындардың жетіспеушілігіне қарамастан, балаларын университеттің жатақханаларына орналастыруды талап етті.


Бүгінгі таңда жағдай тұрақталды. Студенттердің басым бөлігі хостелдерге қоныстанды. Дегенмен, хостелдердегі ұсынылған орындардан бас тартып жатқан ата-аналар мен студенттер бар.


4 қыркүйекте бірінші курс студенттеріне жатақханаға жолдама беру жұмысы аяқталады, одан кейін талдау жасалып, оның негізінде оқу орнының жатақханасына орналасудан бас тартқан студенттердің тізімі жасалады. Резервтегі студенттер босаған орындарға орналастырылады.


Жатақханаларда орындарды бөлу кезінде бірінші кезекте көп балалы отбасылардан шыққан студенттерге, жетімдерге, мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға және басқа да жеңілдіктер берілген бірінші курс студенттеріне басымдық беріледі.

 

  alt=  

 

  alt=