қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
19.12.2018

«Түлектер - біздің мақтанышымыз»

 

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың биылғы Қазақстан халқына жолдауында айтылған «Мұғалім мәртебесі» туралы заңының қабылдану тапсырмасы ұстаздар қауымын ерекше қуантты. Педогог мамандарды даярлайтын еліміздегі бірден-бір жоғарғы оқу орны ретінде бұл бастама бізді де бей-жай қалдырмасы анық.


Елбасының жолдауында қарастырылған мәселелерді басты назарда ұстай отырып, «Тәуелсіздік күніне» орай Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті «Мансап» орталығының ұйымдастыруымен 4-14 желтоқсан аралағында Алматы қалалық «Түлектер - біздің мақтанышымыз» тақырыбында онлайн ұстаздар сайысын өткізді.


Байқаудың қорытындысы 2018 жылдың 15 желтоқсанында жарияланып, жүлдегерлер қаржылай және бағалы сыйлықтармен марапатталды.


Қатысушы түлектер университетімізге деген ыстық ықыласын жеткізіп, алдағы уақытта да мұндай жобаларға қатысатындығына сенім білдірді.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

«Мансап» орталығы