қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
05.10.2023

Құрметті оқытушылар мен студенттер!

 

Бастауыш білім беру кафедрасының «Мобильді білім беру ортасын құру арқылы болашақ бастауыш білім педагогтерін ұлттық құндылыққа баулу» зерттеу жобасы аясында «Алаш арыстары» тақырыбында танымдық кеш өтеді.

 

Кештің мақсаты - Алаш қайраткерлерінің өмірімен және шығармашылығымен таныстыру арқылы жастарды отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

 

Ұйымдастырушылар - «Ұлттық қазына» клубының мүшелері, «Бастауыш білім беру» кафедрасының 2-3 курс студенттері.

 

Клуб жетекшісі: п.ғ.к., аға оқытушы Базарбекова Р.Ж.

 

Өтетін уақыты: 2023 жыл 6 қазан, 13.00.

 

Өтетін орны: Казыбек би, 30/1, Abai Student Center, каб №1.