Негізгі бет /
Хабарландыру
10.10.2023 Мектепке дейінгі білім беру трендтерін практикаға енгізу бойынша коворкинг өтеді
2023 жылғы 8 қарашада Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Педагогика және психология институтының мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасы «Мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі трендердің тәжірибеге трансформациялануы (Реджио-педагогика негізінде)» тақырыбында халықаралық коворкинг өткізеді.
1. Реджио-педагогиканың ерекшеліктері мен даму бағыттары; 2. Реджио педагогикасының негізгі аспектілері (Reggio Children-Италиядағы білім беру орталығы); 3. Реджио-педагогиканың отандық тәжірибесі; 4. Реджио-педагогикада білім беру ортасын қалыптастыру принциптері.
Мақсаты - мектепке дейінгі білім беру жүйесінің трендтерін практикаға трансформациялауды талқылау және талдау, мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеудің жаңа форматтарын іздеу.
Қатысушылар - отандық және шетелдік ғалымдар, мектепке дейінгі білім беру жүйесінің мамандары, қалалық білім басқармаларының өкілдері, докторанттар, магистранттар мен студенттер.
Коворкинг жұмысының ресми тілдері: қазақ, орыс, ағылшын. Ұйымдастыру комитетінің мекенжайы: 050010, Алматы қ., Төле би көшесі, 31, Абай атындағы ҚазҰПУ, Педагогика және психология институтының мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасы, 30 каб. Байланыс телефоны: 87017180685 Абитова Гулбану Тастановна, 87054674187 Булшекбаева Асем Исаевна.
|