қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
10.10.2023

Мектепке дейінгі білім беру трендтерін практикаға енгізу бойынша коворкинг өтеді

 

2023 жылғы 8 қарашада Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Педагогика және психология институтының мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасы «Мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі трендердің тәжірибеге трансформациялануы (Реджио-педагогика негізінде)» тақырыбында халықаралық коворкинг өткізеді.


Халықаралық коворкинг жұмысының бағыттары:

1. Реджио-педагогиканың ерекшеліктері мен даму бағыттары;

2. Реджио педагогикасының негізгі аспектілері (Reggio Children-Италиядағы білім беру орталығы);

3. Реджио-педагогиканың отандық тәжірибесі;

4. Реджио-педагогикада білім беру ортасын қалыптастыру принциптері.

 

Мақсаты - мектепке дейінгі білім беру жүйесінің трендтерін практикаға трансформациялауды талқылау және талдау, мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеудің жаңа форматтарын іздеу.

 

Қатысушылар - отандық және шетелдік ғалымдар, мектепке дейінгі білім беру жүйесінің мамандары, қалалық білім басқармаларының өкілдері, докторанттар, магистранттар мен студенттер.

 

Коворкинг жұмысының ресми тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.


Ұйымдастыру комитетінің мекенжайы: 050010, Алматы қ., Төле би көшесі, 31, Абай атындағы ҚазҰПУ, Педагогика және психология институтының мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасы, 30 каб.


Байланыс телефоны: 87017180685 Абитова Гулбану Тастановна, 87054674187 Булшекбаева Асем Исаевна.