қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
13.02.2015

2015 жылдың 9 ақпанында Ханой (Вьетнам) университетінің "Абай атындағы мәдениет және ғылым орталығында" университет басшылары мен Қазақстан Республикасының Вьетнамдағы елшілігі өкілдерінің кездесуі өтті. Оған Абай атындағы ҚазҰПУ-дың профессоры Чан Динь Лам, Ханой университетінің ректоры Нгуен Динь Луан, Қазақстанның Вьетнамдағы Елшісі Б.Жұмаханов және басқа да ресми қонақтар қатысты. Кездесу барысында Абай атындағы ҚазҰПУ мен вьетнамдық ЖОО арасындағы жақын қызметтестік негізінде Қазақстан және Вьетнам мемлекеттерінің ынтымақтастық перспективалары талқыланды.

 

Ақпаратты дайындағандар: Шетел азаматтарына арналған филологиялық пәндер кафедрасының меңгерушісі С.Б.Бегалиева мен кафедраның халықаралық әріптестік жөніндегі үйлестірушісі Б.С. Балгазина.