қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
01.11.2023

«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы - 2023» республикалық байқауы

 

«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы - 2023» республикалық байқауына қатысу үшін құжаттарды қабылдау 1 қарашадан басталып, 10 қарашаға дейін жалғасады. Конкурс жеңімпаздары 6 миллион теңгеден астам сыйақы алады.

 

Байқауға жоғары оқу орындарының штаттағы оқытушылары қатыса алады. Олардың үздіксіз ғылыми-педагогикалық өтілі (кемінде 5 жыл), оқытушылық және ғылыми қызметте жоғары жетістіктері болуы тиіс.

 

Байқаудың мақсаты - оқытушы мамандығының беделін арттыру және жоғары оқу орындары оқытушыларын кәсіби тұрғыда одан әрі дамуға ынталандыру болып табылады.

 

Байқау 2 кезеңнен тұрады. Байқаудың ІІ кезеңі 2023 жылдың 17 қарашасынан басталып, 15 желтоқсанға дейін жалғасады. «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» байқауына қатысу үшін өтінімдер мен құжаттар ақпараттық жүйе арқылы электрондық форматта қабылданады. Бұл конкурстың ашық өтуін қамтамасыз етеді.

 

Айта кетейік, «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» байқауының жеңімпаздары ақшалай ынталандырумен қатар төсбелгіге де ие болады.


Ереже