қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
29.12.2018

Цифрлық білім беруді дамыту міндетті

 

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев халыққа арнаған «Төртінші өнеркәсіпті революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында жоғары оқу орындары алдына цифрлық білім беру ресурстарын дамыту міндетін қойып, цифрландыру кәсіпорындар мен жалпы елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыруда, сондай-ақ халықтың өмір сапасын жақсартуда аса қажет екенін айтқан болатын.

 

Мемлекет басшысы жоғары білікті кадрлар даярлаудың маңыздылығын атап айта келіп, білім беру саясатын қайта қарау қажеттігін де атап өтті. Сонымен қатар, Қазақстан Президенті ғылыми-зерттеу институттарының, жоғары оқу орын­дарының базасында және инновациялық кластерлер шеңберінде құзырлылық (біліктілік) орталықтарын дамыту мәселе­леріне назар аударды.

 

Біздің университеттің базасында цифрлық технологияны пайдалану үшін құзырлылық орталығын қалай құрып дамытуға болады? Яғни біздің универси­теттің студенттері қандай құзырлылықтарға ие, болашақ мұғалімдерді цифрлық техно­логияларды жасауға, оны пайдалануға оқыту қалай іске асырылуы керек?

 

Осы заман мұғалімі ақпараттық-ком­муникациялық технологиялар саласындағы білімді ғана біліп қана қоймай, қазіргі уақытта мектепте өзінің кәсіби қызметінде цифрлық технологияларды кеңінен пай­даланатын кәсіби маман болуы тиіс. Сонымен қатар, оқытудың цифрлық технологияларының қарқынды дамуы болашақ мұғалімдерден нақты бағдар­ламалық құралдарды ғана емес, олардың мәні мен мүмкіндіктерін, цифрлық технологияларды оқытудың болашағымен оларды пайдаланудың психологиялық және дидактикалық негіздемесін оқып білуін талап етеді. Бұл педагогикалық жоғары оқу орны студенттерінің кәсіби даярлығының цифрлық технология сала­сындағы заманауи талаптармен сәйкестігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

 

Университетімізде ректор Т.Балықбаев­тың жетекшілігімен өткізілген халықара­лық семинардың ұсыныстары бойынша («Цифрлы университет», Қазақ-Ресей халықаралық семинары, 2018 жылдың 21-23 ақпаны), «Цифрлы университет» жо­басының шеңберінде осы мәселені шешу бакалаврдың оқу жоспарына 3 кредит көлемінде «Білімдегі сандық технология­лар» элективті курсын енгізу арқылы жүзеге асырылмақ. Аталмыш курс барлық педагог мамандығына 2018/19 оқу жылы­нан бастап енгізілуде.

 

Нұрсұлтан Әбішұлы айтқандай, әлем­дегі төртінші өнеркәсіптік революция экономикадағы кең тараған цифрландыру, автоматтандыру, роботтандыру, робототех­ника және мехатроника, жасанды интел­лект, 3D объектілі модельдеу технология­сы, «үлкен деректермен алмасу» сияқты үдерістерге деген қажеттілікті тудырды.

Сондықтан студенттерге білім беру үдерісіне алдыңғы қатарлы цифрлық технологияларды енгізу мәселесі төртінші өнеркәсіптік революцияның осы элемент­терінің негізінде шешілуі тиіс.

 

Қазақстанда робототехника және роботтандыру белсенді дамып келеді. Робототехниканы мектептерде оқыту басталып жатыр, ал өнеркәсіптік роботтар кәсіпорындарда жиі қолданылуда. Осыған орай, Қазақстан мектептерінде робото­техниканы белсенді түрде енгізу мақса­тында болашақ информатика мұғалімдерін мектептегі робототехниканы оқытудың барлық түрлерін жүзеге асыру үшін дайындау өте маңызды.

 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дің Инфор­матика және ақпараттандыру кафедрасы 5В011100-Информатика (бакалавриат) мамандығы негізінде «Информатика және робототехника» білім беру бағдарламасын әзірледі. Ол информатика және робото­техника саласында жоғары білікті «кәсіби» болашақ информатика мұғалімдерін даярлауға бағытталған.

 

Қазақстан Республикасының Прези­денті Н.Ә.Назар­баевтың «Төртінші өнер­кәсіптік революция жағдайындағы даму­дың жаңа мүмкіндіктері» және «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын қолдау мақсатында 2018 жылдың 17 нау­рызында біздің университетімізде «Педаго­гикалық STEM парк» атты халықаралық Қазақстан-Ресей бірлескен семинары өтті.

 

STEM дегеніміз не? Ғылым, техника, инженерия, математика - бұл негізгі академиялық пәндер, олардың бірлестігі STEM-білім беру болып табылады.

 

Жоғарыда айтылған өнеркәсіптік ре­волюцияның элементтері болып табылатын алдыңғы қатарлы цифрлық технология­ларды оқыту үшін біз университетте STEM оқу орталығын, яғни «Педагогикалық STEM парк» аштық. Осыған орай 2018/19 оқу жылынан бастап ғылыми-жара­ты­лыстану бағытындағы барлық педагогикалық мамандықтармен ғылыми-жаратылыстану мамандықтары бойынша (физика, математика, информатика, аспап жасау, кәсіптік білім беру және т.б.) «Білім беру робототехникасы және мехатроника» элективті курсын енгізуге мүмкіндік туындады.

 

Жоғарыда көрсетілген курстар бойынша зертханалық жұмыстарды және оқу курстарын жүзеге асыру үшін оқу бағдарламасын әзірлеу қажеттігі туындап отыр. Қазіргі уақытта оқу орнында білімді ақпараттандыру және білім беру техно­логиялары мәселелері бойынша халық­аралық ғылыми зертханада және инфор­матика және білім беруді ақпараттандыру кафедрасында педагогикалық STEM паркпен бірлескен сәйкес зерттеулер жүргізілуде.

 

Сонымен бірге, бізде білімді цифрлан­дыру талаптарына сай мектеп мұғалімдері мен басқа да талапкерлер үшін біліктілік арттыру курстары жұмыс істеуде.

Біліктілігін арттырам деушілерге есік ашық.

 

Авторы: Есен Бидайбеков,

Абай атындағы ҚазҰПУ

Информатика және білімді ақпараттандыру кафедрасының меңгерушісі, профессор

29.12.2018 ж.

Ақпарат көзі: almaty-akshamy.kz