қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
20.02.2015

Шетел студенттері Шығыс жаңа жылын атап өтті

 

18 ақпанда Абай атындағы ҚазҰПУ - дың Филология институты, Шетел азаматтарына арналған филологиялық пәндер кафедрасында шығыс күнтізбесі бойынша Жаңа жылға арналған мерекелік кеш болды. Іс-шара университетте оқитын Қытай мен Кореядан келген студенттердің, кафедра оқытушыларының белсенді қатысуларымен өтті.
Іс-шараның бағдарламасында қазақ, қытай, корей әндері мен өлеңдері және тұсаукесерлер болды.
Қытай, Кореядан келген ұлдар мен қыздар ежелгі жаңа жылдық салттармен дәстүрлерді айтып қана қоймай, сондай-ақ өздерінің елдеріндегі Жаңа жылды қарсы алу дәстүрлері туралы театрландырылған қойылымдар қойды.
Құлжадан келіп, қазақ тілін меңгеріп жатқан студенттердің де өнері есте қаларлықтай болды. Мазмұнға толы концерттік бағларлама мен тұсаукесер ұлттық аспаптарда қытай әндерін орындаумен жалғасты.
Қытайдан келген студенттердің айтуы бойынша, қытай Жаңа жылы сөзбе сөз аударғанда «Көктем мерекесі», ерте кезден бастап қытайдағы және Шығыс Азияның өзге елдеріндегі басты және ең ұзақ мереке болып есептеледі. Оның нақты мерзімі ай фазасының негізінде анықталады. Қытайлықтар бұл шараға өте мұқият қарайды. Мереке қарсаңында үйлерінің терезелерін қызыл қағаз фонарьлармен безендіреді, қытайлықтардың өздері де қызыл түсті киімдер киеді.
Іс-шараның ең қызықты сәті қазақ музыкалық аспаптарында танымал қытай әуендерін орындауда болды.
Кореядан келген студенттер Соллаль: Корей Жана жылы туралы тұсаукесер даярлады. Кафедра студенттерінің Кореядағы ең басты мерекесі туралы хабарламасы дәстүрлі Корей әніне жалғасты. Кеш соңында кафедра меңгерушісі п,ғ.д., профессор Бегалиева Сауле Баязықызы Қазақстандағы Наурызды қарсы алу дәстүрлері туралы айтып берді.
Осындай іс-шаралар көп ұлтты студенттер қауымын байланыстырын қана қоймай, әртүрлі халықтардың мәдениетімен таныстыруға септігін тигізеді. «Шетелдік студенттер қазақ мерекелеріне құрметпен қарауы үшін бізде олардың дәстүрлеріне құрметпен қарауымыз керек»,-деп атап өтті кафедра меңгерушісі С.Б. Бегалиева.
Кеш соңында студенттер қытай тілінде жаңа жылдық ән шырқады.