қазақша · русский · english
 
Біз туралы
 
   Главная / Сәрсенбаева Гүлназ Хамидоллақызы

Сәрсенбаева Гүлназ Хамидоллақызы

 

Сәрсенбаева Гүлназ Хамидоллақызы Абай атындағы ҚазҰПУ «Бастауыш білім беру» кафедрасының аға оқытушысы.  Еңбек өтілі - 28 жыл.

Сәрсенбаева Г.Х. 2014 жылы п.ғ.д., профессор А.А.Бейсенбаеваның ғылыми жетекшілігімен  «Пәнішілік байланыстар негізінде бастауыш мектеп оқушыларын дамыту (математика материалдары мысалында)» тақырыбындағы магистерлік диссертациясын қорғап, педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін иеленді.

2012 жылы Сәрсенбаева Г.Х. CIE Кембридж халықаралық емтихандық кеңесінің шешімімен Бағалау бойынша эксперт ретінде валидациядан өтіп, сертификатталды. 2014 ж. CIE шешімімен Бағалау бойынша эксперт ретінде ресертификатталды және CIE КХЕК-тің бағалаушы эксперті Пол Бидлдың менторингінен өтті. 2019 жылы «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы «Педагогикалық өлшеулер орталығының» кеңесінің шешімімен Бағалау бойынша эксперт валидациялық марапатымен ресертификациядан өтті.

2020-2023 оқу жылдары Сәрсенбаева Г.Х.  Абай атындағы ҚазҰПУ-де «D003 - Пәндік мамандандырылмаған педагогтерді дайындау» мамандығы «8D01301 - Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасы бойынша докторантурада оқыды, п.ғ.д., профессор Әзия Елеупанқызы Жұмабаеваның ғылыми жетекшілігімен PhD докторлық диссертациясын жазды. 30-дан астам жарияланған ғылыми еңбектері бар.


БІЛІМ

Оқу мекемесі

Біліктілігі

Бітіру уақыты 

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институты

 Бастауыш сынып мұғалімі

 1995

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық университеті

 Информатика бакалавры

 2009

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті

 Педагогика ғылымдарының    

 магистрі

 2014

 

ОҚЫТАТЫН ПӘНДЕРІ

Бакалавриатта: Бастауыш мектеп пәндерінің оқыту әдістемелері

 

ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТІ

Ғылыми зерттеу саласы: бастауыш мектеп педагогикасы, бастауыш мектепте математиканы оқыту әдістемесі мәселелері (2001-2011), Қазақстан республикасындағы педагог қызметкерлердің біліктіліктерін арттыру мәселелері, Назарбаев зияткерлік мектептердегі және жалпы білім беретін мектептердегі қалыптастырушы және жиынтық бағалау мәселелері (2012-2022), жоғары мектеп педагогикасы, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау, болашақ бастауыш білім педагогтерінің трансверсальді дағдыларын дамыту мәселелері (2020-2023).

 

МАРАПАТТАРЫ

Қазақстан Республикасы Оқу және ағарту министрлігінің Алғыс хаты (2022 ж.)

«Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқармасының Алғыс хаты (2020 ж.)

«Назарбаев зияткерлік мектептеріне 10 жыл» төсбелгісі (2019 ж.)

Ыбырай Алтынсарин төсбелгісі (2016 ж.)

 


← Кері оралу