қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
10.11.2023

Құрметті студенттер!

 

Сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында 2023-2024 оқу жылының көктемгі семестрінде Еуропалық университеттерге оқуға бакалавриаттың 2-3 курс студенттерін қабылдау жарияланды.

 

Осыған байланысты Сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысуға ниет білдірген барлық студенттер 2023 жылдың 14 қарашасына дейін Академиялық ұтқырлық бөліміне (Достық даңғылы, 13, 300 кабинет) қажетті құжаттарды тапсыруы қажет.

- IELTS сертификаты (деңгей 5,5 төмен емес), TOEFL (деңгей В2 төмен емес);

- Паспорт;

- Транскрипт;

 

Қаржыландыру шарттары:

- Шетел университетінде білім алу - тегін;

- Барып-қайту әуе билеті - университет есебінен;

- Басқа шығындар (тұру, виза, медициналық сақтандыру, тамақ және т.б.) - студенттердің есебінен.


2023-2024 оқу жылының көктемгі семестрінде Абай университеті студенттерін қабылдауға дайын шетелдік жоғары оқу орындары:

- Адам Мицкевич университеті (Польша) - 23 студент;

- Вильнюс университеті (Литва) - 2 студент.

 

 

Академиялық ұтқырлық бөлімі

Халықаралық ынтымақтастық департаменті Абай атындағы ҚазҰПУ