қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
13.11.2023

Кәсіпкерлік және маркетинг бойынша шеберлік сабағы өтеді


2023 жылғы 20 қарашада Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Педагогика және психология институтының бастауыш білім беру кафедрасында «Smart Coach» инновациялық бизнес клубының ұйымдастыруымен «Кәсіпкерлік және маркетинг» тақырыбында «6B01302- Бастауыш білім бизнес инновациямен» студенттерімен бірлескен шеберлік сабақ өткізіледі. Мақсаты - болашақ бастауыш білім беру педагогтерінің кәсіби қызмет саласында кәсіпкерлік білім мен дағдыларын дамытуды қамтамасыз ету.

 

Шеберлік сабақтың бағыттары:

1.Кәсіпкерлік және маркетинг;

2.Маркетингтік стратегиялар;

3.Мақсатты аудиторияны және нарықты талдау;

4.Бизнес-тренерлерден кеңес.

 

Спикер қонақтар: Атамекен АҚ директоры Мақсат Сералы; Yokohama, Nankang, Triangle шиналарының Қазақстандағы бас маркетологы Қуаныш Сейсембаев.

 

Ұйымдастырушы: Педагогика және психология институты бастауыш білім беру кафедрасы.


Байланыс телефоны: 3- курс докторанты Балгинбаева Нуржауган Ериковна, тел.: 87472039252.