қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
20.11.2023

БОС ЛАУАЗЫМҒА ҮМІТКЕРЛЕРДІ ІРІКТЕУГЕ ӨТІНІМ

 

Бос жұмыс орны жабық

 

Бос лауазымның атауы:

Институционалдық тиімділік кеңсесінің маманы

Құрылымдық бөлімшенің негізгі функционалдық міндеттері:

Тұрақты мониторинг, тиімділікті талдау және бағалау негізінде білім беру қызметтерінің сапасын арттыру, аккредиттеуді, ұлттық рейтингтерді жүргізу, әлеуметтік сауалнамалар мен тұрақты мониторинг жүргізу арқылы білім беру қызметтерінің сапасын және жекелеген бөлімшелер, қызметтер жұмысының тиімділігін бағалау.

Негізгі лауазымдық міндеттері:

- университеттің және оның білім беру бағдарламаларың халықаралық, институционалдық және ұлттық аккредиттеу рәсімдерін дайындау мен өткізуді ұйымдастырушылық-әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз етуге қатысады;

- институционалдық аккредиттеу және білім беру бағдарламаларын мамандандырылған аккредиттеу шеңберінде аккредиттеуден кейінгі мониторинг бойынша есептерді дайындау бойынша кафедралардың жұмыстарын үйлестіреді;

- Кеңсе қызметі мәселелері бойынша ақпараттық-әдістемелік материалдарды әзірлеуге қатысады;

- институционалдық зерттеулердің нәтижелерін өңдейді;- статистикалық шолулар, деректер жинағы-дайджест, инфографиктер және ақпараттық панельдер арқылы университеттің ресми статистикасын дайындауға және жариялауға жауапты;

- ЖОО-дағы оқу мен жұмысқа қанағаттану мәселелері бойынша студенттерге, түлектерге, оқытушыларға, қызметкерлерге, жұмыс берушілерге сауалнама ұйымдастыруға қатысады;

- университеттің ресми сайтында институционалдық тиімділік кеңсесінің бетін толтыруға қатысады;

- құпиялылықты сақтайды, коммерциялық және өзге де құпияға қатысты ақпарат пен мәліметтерді жария етпейді.

Іссапарларға шығу:

Қажет емес

Білімі:

жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)

Талап етілетін кәсіби тәжірибе (ұзақтығы, саласы, басқалары)

Жоғары білім беру саласындағы, білім беру бағдарламаларын әзірлеу, білім беру сапасын қамтамасыз ету және аккредиттеу саласындағы жұмыс тәжірибесі 3 жыл және одан да көп.

Кәсіби құзыреттер:

- білім беру бағдарламаларының сапасын бағалау және жақсарту саласындағы терең білім;

- сапаны басқару процестерін қолдау үшін деректерді талдау және есеп беру дағдылары;

- жоғары білім беру және аккредиттеу саласындағы заңнама мен нормативтік құжаттарды білу;

- қарым-қатынас және командалық жұмыс дағдылары;

- деректерді талдау және білім беру бағдарламалары бойынша тенденцияларды анықтау мүмкіндігі;

- білім беру сапасын жақсарту бойынша стратегияларды әзірлеу және енгізу қабілеті;

- сапа және аккредиттеу саласындағы саясат пен рәсімдерді енгізу мүмкіндігі.

Жеке құзыреттер мен қасиеттер:

- жауапкершілік және ұқыптылық;- жүйелік ойлау және проблемаларды шешу қабілеті;

- оқуға және өзінің кәсіби дамуына дайындық;

- этикалық көзқарас және ақпараттың құпиялылығын сақтау.

Тілдерді білуі, мемлекеттік тілді қоса алғанда (меңгеруі тиіс тілдердің тізімі)

Қазақ тілі - еркін;

Орыс тілі - еркін.

Компьютерлік дағдылар:

MS Office (Word, Outlook), Excel, Google Drive/Docs/Meet, ZOOM, PowerPoint, электрондық пошта, электрондық құжат айналымын еркін меңгеру

Түйіндемені тапсыру мерзімі:

2023 жылғы 22 қараша

Байланысушы тұлға:

zh.tutkabayeva@abaiuniversity.edu.kz