қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
22.11.2023

Оқытушы әріптестеріне семинар өткізеді

 

2023 жылдың 24 қарашасында сағат 12.00-де Филология институты шетел тілдері кафедрасының оқытушысы Дәуренбек Сәуле цифрлық негізде ғылыми зерттеулер жүргізу және мақалалар жазу үшін әріптестерге пайдалы болатын «Цифрлық мәліметтер үшін статистикалық тесттер: Параметрлік t-тесті және параметрлік емес тесттер» тақырыбында семинар өткізеді. Іс-шара мақсаты - оқытушылар, докторанттар мен магистранттарға цифрлық мәліметтермен жұмыс жүргізуді таныстыру, ғылыми жұмыс жазу барысында цифрлық анализ жасауды үйрету. Семинар халықаралық деңгейде цифрлық мәліметтерді анализ жасау жолдары мен SPSS бағдарламасында параметрлік t-тесті мен параметрлік емес тесттерді таныстыруға негізделген.