қазақша · русский · english
 
Біз туралы
 
   Главная / Нұрмұхамбетов Ерлан Сакенұлы

Нұрмұхамбетов Ерлан Сакенұлы

 

Қысқаша өмірбаяны

Нурмухамбетов Ерлан Сакенович 1977 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Қабанбай ауылында туған. Ұлты-қазақ. 1994 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Қабанбай ауылындағы Көлбай Төгісов атындағы орта мектебін бітірген.

1994 жылы ҚР ҰҚК Шекара институтына "Бөлімшенің қызметтік-жауынгерлік іс-әрекетін басқару" мамандығы бойынша оқуға түсті. Оқу кезінде институттің курсанттык өміріне белсенді қатысуға тырысты. Курсант кезінде жастар мен студенттердің бірқатар республикалық форумдарына қатысты. Гір тасын көтеруден институт құрамасының мүшесі болды. 1998 жылы институтті бітірді.

1998 жылдан 2002 жылға дейін ҚР ҰҚК Шекара Қызметінің  Үшарал шекара отрядында рота командирінің, шекара застава бастығының тәрбие және әлеуметтік-құқықтар жөніндегі орынбасары, 2002-2004 жылдар арасында Қостанай шекара отрядында застава бастығы, шекара комендатурасының комендантының орынбасары, шекара комендатурасының коменданты, 2004-2005 жылдар Орал шекара отрядында шекара комендатурасының коменданты, 2005-2007 жылдар Өскемен шекара отрядында шекара комендатурасының коменданты лауазымдарында қызмет атқарды.

2007 жылы ҚР ҰҚК Шекара институтының жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру факультетінің магистратура бөліміне оқуға түскен. 2009 жылы магистратураны бітіріп, «ҚР ҰҚК Шекара Қызметінің құрама мен бөлімдерін басқару» мамандығының магистрі академиялық дәрежесін алды.

2009-2011 Шонжы шекара отрядында штаб бастығының орынбасары-жауынгерлік дайындық бөлімшесінің бастығы, 2011-2012 жылдар Астана қаласындағы ҚР ҰҚК Шекара Қызметінің  Орталық Аппаратында Инспекция және Шекаралық ынтымақтастық Бас Басқармасының консультанты лауазымында қызмет атқарды. Өзінің қызмет барысында ҚР ҰҚК, Шекара қызметінің «шекараны үздік күзеткені үшін», «ҚР ҚК мінсіз қызметі үшін 1,2,3 дәрежелі», «Отан қалқаны 1,2,3 дәрежелі» т.б түрлі марапаттармен марапатталған.

2012-2014 жылдар ҚР ҰҚК Шекара Қызметінің Академиясында Шекара-қызметі тактикасы кафедрасының аға оқытушысы, 2014-2018 жылдар батальон командирі, 2018-2020 жылдар Шекара Қызметінің Академиясында Шекара-қызметі тактикасы кафедрасының доценті лауазымында қызмет атқарды. 2020 жылы құрметті зейнетке шықты.

2023 жылдың 2 қазанынан бастап Абай атындағы ҚазҰПУ-де, Бастапқы әскери дайындық кафедрасында оқытушылық қызмет атқарады.

 

БІЛІМІ

Білім мекемесі

Квалификация

Бітіру уақыты

ҚР ҰҚК Әскери институты

Шекара қызметі маманы

1998 ж.

ҚР ҰҚК Әскери институты

Шекара қызметінің құрамалары мен бөлімдерін басқару магистрі

2009 ж.

 

ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕСІ

Академиялық дәрежесінің атауы

Ғылым саласы

Диплом берілген уақыты

Магистр

Әскери ғылым

2009 ж..

 

ОҚЫТАТЫН ПӘНДЕРІ

Әскери патриоттық тәрбие негіздері

Бастапқы әскери және технологиялық дайындықты оқыту әдістемесі

 


← Кері оралу