қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
27.11.2023

Бос лауазымға үміткерді іріктеуге өтінім

 

Бос жұмыс орны жабық


Бос лауазымның атауы:

Білім беруді цифрландыру департаментінің директоры

Құрылымдық бөлімшенің негізгі функционалдық міндеттері:

- Бағдарламалық қамтамасыз етуді қолдау және пысықтау бойынша жедел міндеттер;

-университеттің жергілікті желісіне қызмет көрсету, оны дамыту бойынша жұмыстарды жүзеге асыру;

- үшінші тарап бағдарламалық жасақтамасын қолдана отырып процестерді автоматтандыру;

- интернет-ресурстарға қол жеткізуді және ақпараттық қауіпсіздік саясатын бақылауды жүзеге асыру.

Негізгі лауазымдық міндеттері:

- Жабдықтарды, БҚ, қызметтерді, жинақтаушы және шығыс материалдарын жеткізу жөніндегі ұйымдармен шарттарды жасасу, орындау мәселелері бойынша контрагенттермен өзара іс-қимыл жасау;

- бағдарламалық-техникалық құралдардың, электрондық байланыс және телекоммуникация құралдарының сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

- Оқу процессін автоматтандыруды қамтамасыз ету;

- университеттің IT деңгейінен жоғарылату;

- ақпаратты қорғау құралдарын мониторингілеу және басқару;

- білім беруді цифрландыру департаментіне басшылықты жүзеге асыру, оның ішінде осы құрылымдық бөлімше қызметінің бағыттарын жоспарлауды, ұйымдастыруды, бақылауды, үйлестіруді және дамытуды қамтамасыз етеді;

- автоматтандырылған жүйелерді әзірлеу бойынша қаржылық шығыстар жоспарын жасау;

- Департамент қызметінің бағыты бойынша құжат айналымын жүргізу.

Іс-сапарларға шығу:

Қажет болған жағдайда

Білімі

Кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Талап етілетін кәсіби тәжірибе (ұзақтығы, саласы, басқалары)

Ұқсас лауазымдағы еңбек өтілі кемінде бір жыл.

Кәсіби құзыреттер:

- команданы қалыптастыру және басқару;

- Қазақстан Республикасының ақпараттық коммуникациялық технологиялар саласындағы заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін білу

Жеке құзыреттер мен қасиеттер:

Өкілдік ету, дербестік, бастамашылдық, сервиске бағдарлану, зейінділік, өзін - өзі ынталандыру және тез білім алу, командада және өз бетінше жұмыс істей білу; жақсы ұйымдастырушылық дағдылар (жоспарлау және іске асыру); жұмыс кестесінен тыс жұмыс істеу мүмкіндігі; әріптестерімен және білім алушылармен достық және тиімді жұмыс істей білу.

Жоғары тиімділік және қысқа мерзімде жұмыс істеу мүмкіндігі.

Қарым-қатынас дағдылары мен өзара әрекеттесудің маңыздылығын түсіну,

Мемлекеттік тілді қоса алғанда, тілдерді білуі (кандидат меңгеруі тиіс тілдердің тізімі)

Қазақ тілі, орыс тілі

Компьютерлік дағдылар:

MS Office (Excel, PowerPoint, Word), ZOOM, Teams, электрондық пошта (Outlook Express) пакетін жақсы меңгеру.

Түйіндемені тапсыру мерзімі:

2023 жылғы 30 қарашаға дейін

Байланысушы тұлға:

Түйіндемені жіберу:

HRTeam@abaiuniversity.edu.kz.

Тел: 291-18-29.