қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
29.11.2023

«Тұрақты даму мақсаттары аясында жаратылыстану ғылымдары  мен  білімінің даму мәселелері»  II Халықаралық жастар ғылыми форумы 

 

2023 жылдың 30 қарашасында Абай атындағы ҚазҰПУ-да «Тұрақты даму мақсаттары аясында жаратылыстану ғылымдары  мен  білімінің даму мәселелері» тақырыбында II Халықаралық жастар ғылыми форумы өтеді. Іс-шараға география мұғалімдері, жоғары оқу орныдарының оқытушылары, магистранттар мен докторанттар қатысады. Форум  мақсаты -  тұрақты даму идеяларына сәйкес қазіргі заманғы жаратылыстану ғылымдары мен білім берудің даму тенденцияларын талдау.

 

Форум жұмысының негізгі бағыттары: Жаратылыстану ғылымдары мен  білім беру парадигмалары; Климаттың өзгерістері және аймақтардың тұрақты дамуы; Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және «жасыл» технологиялар; Тұрақты даму мақсаттарына жету жолындағы стратегиялар мен серіктестіктер. Форумда жаратылыстану ғылымдары мен қазіргі білім беру мәселелері; жаһандық климаттық өзгерістер мен аймақтардың тұрақты даму мәселелері; табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен жасыл технологиялардың тиімділігі және тұрақты дамудың мақсаттарын орындау бойынша стратегиялар мен серіктестіктер туралы мәселелер талқыланатын болады.

 

Отандық және шетелдік ғалымдардың қатысуымен өтетін Форум Тұрақты даму мақсаттары аясында жаратылыстану ғылымдары  мен  білімінің даму мәселелері бағытында білім мен тәжірибе алмасуға ықпал етеді.

 

Өтетін орны: Достық даңғылы, 13, 202 конференц-зал.

 

Өтетін күні мен уақыты: 30 қараша 2023 жыл, сағат 10.00.