қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
13.03.2015

Тұлғалы тарихшы Е.Бекмаханов


Үстіміздегі жылы Елбасымыздың қолдауыменен Қазақ хандығының 550 жылдығы Республика көлемінде тойланғалы жатыр. Қазақ хандығының тарихын сөз еткенде белгілі тарихшы ғалым Е.Б.Бекмахановты атамай кету мүмкін емес. Е.Б.Бекмаханов кеңестік қызыл империяның құрығына қанша ілікседе туған елінің тарихы жолында аянбай еңбек еткені баршаға мәлім. Осыған байланысты, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Тарих және шетелдік студенттермен жұмыс факультетінің ұйымдастыруымен «Қазақ хандығы (ХV-XVIІIғғ.): ұлт тарихының маңызды кезеңі» атты көрнекті тарихшы ғалым Е.Б.Бекмахановтың 100-жылдығына және оның өмірлік серігі академик Х.А.Бекмұхамедованың 90 жылдығына арналған Республикалық ғылыми-практикалық конференция болып өтті. Конференцияға саналы ғұмырын ғылым мен ұлт тағдырына арнаған парасатты ғалым Ермұқан Бекмахановтың өмірлік жары филология ғылымдарының докторы, профессор, ҰҒА академигі Халима Адамқызы Бекмұхамедова қатысты. Пленарлық мәжілісті Тарих және шетелдік студенттермен жұмыс істеу факультетінің деканы, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Жұмагұлов Болат Сағидоллаұлы жүргізіп отырды. Мәжілісте сөз алған Абай атындағы ҚазҰПУ-дың оқу ісі жөніндегі проректоры, Философия ғылымдарының докторы, профессор Құлсариева Ақтолқын Тұрлыханқызы «Тарихта із қалдырған дара тұлға» тақырыбында баяндама жасады. Ол Е.Б.Бекмахановтың еліміз үшін орыны бөлек дара тұлға екенін айта келе ғалымның Кенесары Қасымұлы бастаған көтерлісті ұлт азаттық көтерлісі деп баға беруі қазақ халқының азаттық жолындағы тарихи күрестерін бұрмалауға қарсы тұрғанын байқаймыз, бұл келешек ұрпақтың тарихты шынайы тануына, отанға деген сүйіспеншілікті арттыруға жол ашады деді,- Ақтолқын Тұрлыханқызы. Сонымен қатар тарих ғылымдарының докторы, профессор Ермуханов Бейімбет, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Әлеуметтік тарих кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Мәмбет Қойгелдиев, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Тарихты оқыту әдістемесі кафедрасының профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Бағлан Әбдіғұлова, филология ғылымдарының докторы Лаззат Жаналина Қабылдашқызы және тағы басқа көрнекті ғалымдар баяндама жасады.
Мәжіліс соңында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың оқу ісі жөніндегі проректоры философия ғылымдарының докторы, профессор Құлсариева Ақтолқын Тұрлыханқызы, Оқу - әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор, профессор Кенжебаев Ғабит Қапезұлы Халима Адамқызы Бекмұхамедованы жайма шуақ көктеммен қатар келген мерейтойымен құттықтап, университетіміздің «Құрметті профессоры» және Абай төс белгісімен марапаттап, иығына шапан жапты. Сонымен қатар Филология институтының директоры профессор Балтабай Әбдіғазиұлы мен орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі профессор Сәуле Жүнісқызы Әбішева Халима Адамқызы Бекмұхамедованы 90 жасқа толған мерекесімен құттықтап сый-құрметтерін жасады.
Тарих және шетелдік студенттермен жұмыс факультетінің деканы, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Жұмағұлов Болат Сағидоллаұлы келген қонақтарға алғысын білдіріп, мәжіліс ары қарай секциялар бойынша жұмысын жалғастырды.