қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
01.12.2023

Қазақстанда дуальды жоғары және кәсіптік білім беруді дамыту мәселелері бойынша халықаралық конференция өтеді

 

2023 жылы 5-7 желтоқсанда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті № 618835-EPP-1-2020-1-KZ-EPPKA2-CBHE-SP - «KazDual - Қазақстанда дуальды жүйені енгізу» халықаралық жобасы аясында «Қазақстан Республикасында дуальды жоғары және кәсіптік білім беруді дамыту жолдары: KazDual жобасының тәжірибесі» тақырыбында халықаралық конференция өткізеді.Өтетін орны: Абай атындағы ҚазҰПУ, Достық даңғылы, 13, конференц-зал (бас ғимарат).

 

Конференцияның мақсаты - Қазақстан Республикасындағы жоғары және орта кәсіптік білім беру ұйымдарында дуальды білім беруді дамытудың өзекті мәселелерін талқылау.


2023 жылы 5 желтоқсанда конференцияның пленарлық отырысы мен воркшоптарына қатысуға ҚР ҒЖБМ, ҚР Оқу-ағарту министрлігі, ҚР ҰҒА, Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА өкілдері, дуальды білім беру саласындағы шетелдік және отандық сарапшылар, Сауда-өнеркәсіп палатасы, серіктес компаниялар, кәсіпорындар, өңірлердің білім басқармаларының басшылары мен өкілдері, білім беру саласындағы баспасөз өкілдері, зерттеуші ғалымдар, университеттер мен колледждердің басшылары, профессор-оқытушылар құрамы, докторанттар, магистранттар және Қазақстанда дуальды білім беру жүйесін дамытуға мүдделі басқа да ұйымдар шақырылады.

 

2023 жылғы 6-7 желтоқсанда KazDual жобасының серіктестері үшін семинарлар мен тренингтер өткізу жоспарлануда.

 

Халықаралық конференцияға жобаның толыққанды серіктестері қатысады: ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі, Білім берудегі сапаны қамтамасыз ету жөніндегі Тәуелсіз агенттік, Магдебург қ. Отго фон Герике университеті (Германия), Тироль педагогикалық университеті (Австрия), Таллин техникалық университеті (Эстония), ACQUIN аккредиттеу, сертификаттау және сапаны қамтамасыз ету институты, CEENQA Орталық және Шығыс Еуропа жоғары білім сапасын қамтамасыз ету агенттіктерінің желісі, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Академик Е. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, Шәкәрім университеті, Қарағанды жоғары политехникалық колледжі, Семей қаласының электротехникалық колледжі.

 

2023 жылғы 5 желтоқсанда конференцияның пленарлық отырысы аралас форматта өткізіледі: оффлайн және онлайн.


Оффлайн: Абай атындағы ҚазҰПУ, Достық даңғылы, 13, Конференц-зал 225 (бас ғимарат).