қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
05.12.2023

Бос лауазымға үміткерлерді іріктеуге өтінім

 

Бос лауазымның атауы:

Денсаулық сақтау пунктінің медбикесі

Құрылымдық бөлімшенің негізгі функционалдық міндеттері:

- Университет қызметкерлері мен студенттеріне шұғыл медициналық көмек көрсетеді.

Негізгі лауазымдық міндеттері:

- Мейірбикелік тексерулер жүргізеді.

- Өз құзыреті шегінде жиі кездесетін жұқпалы емес аурулармен және респираторлық вирустық инфекциялармен ауыратын науқастарға жеке консультациялар береді.

- Дәрілік заттардың есебі мен сақталуын қамтамасыз етеді.

- Азаматтарға алғашқы медициналық көмек көрсетеді, оның ішінде төтенше жағдайларда, дәрігерге дейінгі және паллиативтік көмек көрсетеді.

-Медициналық этика мен ішкі өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтайды.

Іссапарлар:

Қажет болған жағдайда

Білімі:

«Мейірбике ісі», «Жалпы медицина» мамандығы бойынша орта медициналық білімі, «Фельдшер» біліктілігі, клиникалық практикаға қабылдау үшін маман сертификаты.

Кәсіби құзыреттер:

- Бұлшық ет ішіне және көктамыр ішіне инъекцияларды енгізу техникасы.

- Медициналық құралдарды зарарсыздандыру техникасы.

- Дәрілік заттарды есептен шығару және медициналық қалдықтарды жарату техникасы.

- Медициналық жазбалар мен есептерді дұрыс жүргізу.

Жеке құзыреттер мен қасиеттер:

Жауапкершілік, ұқыптылық, әдептілік, жаңа білімге құштарлық.

Тілдерді, оның ішінде мемлекеттік тілді білу (үміткер сөйлеуі тиіс тілдердің тізімі)

Қазақ және орыс тілдері.

Түйіндеме жіберу мерзімі:

2023 жылғы 8 желтоқсанға дейін

Байланыстағы тұлға:

Түйіндемені мына мекенжайға жіберіңіз:

HRTeam@abaiuniversity.edu.kz.

Тұтқабаева Жұлдыз

Құл. тел: 291-18-29