қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
06.12.2023

«Smart Coach» инновациялық бизнес-клубының ұйымдастыруымен бизнес және мемлекеттік гранттар бойынша шеберлік сынып өтеді

 

2023 жылдың 8 желтоқсанында Абай атындағы ҚазҰПУ Педагогика және психология институтының бастауыш білім беру кафедрасында «Smart Coach» инновациялық бизнес клубының ұйымдастыруымен «Бизнес және мемлекеттік гранттар» тақырыбында «6B01302- «Бастауыш білім бизнес инновациямен» студенттерімен бірлескен шеберлік сынып өткізіледі. Мақсаты - болашақ бастауыш білім беру педагогтерінің кәсіпкерлік білім деңгейін көтеру және мемлекеттік гранттар бойынша ақпарат беру.


Шеберлік сыныптың бағыттары: Мемлекеттік қайтарымсыз гранттар; Инновациялық start-up жобалар; Бизнес-тренерден кеңес. Спикер - Biznesplans, AirFlux компанияларының негізін қалаушы, QazInnovation, Astana Hub бизнес-тренері Қабден Рустам.

 

Ұйымдастырушы - Педагогика және психология институты бастауыш білім беру кафедрасының 3-ші курс докторанты Балгинбаева Нуржауған.


Байланыс телефоны: 87472039252