қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
07.12.2023

Ұлттық құндылықтарды насихаттау бойынша зияткерлік іс-шара өтеді

 

2023 жылдың 9 желтоқсанында Абай атындағы ҚазҰПУ Педагогика және психология институты бастауыш білім беру кафедрасында «Ұлттық құндылықтарды ұлықтау - ұлағатты іс» тақырыбында зияткерлік іс-шара өтеді.

 

Іс-шараның мақсаты - университеттің болашақ ұстаздары мен белсенді жастарының басын біріктіріп, оқу үдерісіне ұлттық құндылықтарды енгізу бойынша пікір алмасу.

 

Іс-шара келесі кезеңдерден тұрады: І. TEDxABAY - сайысы; ІІ. ABAY QUIZ - зияткерлік ойыны; ІІІ. «Мәдени мұра», «Ұлттық тіл», «Отбасы және әулет», «Тұлға», «Салт-дәстүр», «Дәстүрлі өнер» тақырыптары бойынша үй тапсырмасы. Тақырыпты қатысушы топтар өздері таңдайды.

 

Ұйымдастырушылар: аға оқытушы Базарбекова Рабиға, «Ұлттық қазына» клуб мүшелері, 2-3 курс студенттері


Өткізілетін уақыты: 09.12. 2023, сағат 11.00.

 

Өтетін орны: Педагогика және психология институты, №15 аудитория.