қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
08.12.2023

Магистратураға түсу үшін гранттарға конкурс жарияланды


Магистратураға түсу үшін грант конкурсына құжаттарды қабылдау 2023 жылдың 12-19 желтоқсан аралығында жүзеге асырылады.

 

Гранттар конкурсына өтінімдер мен құжаттар қабылдау жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары арқылы жүргізіледі.

 

Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттарды тапсыру қажет:

- жеке куәліктің көшірмесі;

- жоғары білім туралы құжат (диплом және қосымша);

- КТ сертификаты;

- шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттар (бар болса).

 

Оқуға түсуші құжаттарды тапсырған кезде білім беру бағдарламаларының бір тобын және үш жоғары оқу орнына дейін көрсете алады.


МАҢЫЗДЫ: Грант иегерлерінің тізімі 21 желтоқсаннан кейін жарияланады. ЖОО-ға қабылдау 2023 жылғы 26 желтоқсаннан 2024 жылғы 10 қаңтарға дейін жүзеге асырылады.