қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
11.12.2023

Магистратураға түсу үшін грант конкурсына құжаттарды қабылдау 12 желтоқсанда басталады

 

Магистратураға түсу үшін грант конкурсына құжаттарды қабылдау 12-19 желтоқсан аралығында жүзеге асырылады.

 

Магистратураға түсушілер 3,8 мың мемлекеттік білім грантына үміткер бола алады. Оның ішінде «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары» даярлау бағытына 1758 грант, Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистикаға» 569 грант, «Педагогикалық ғылымдарға» 469 грант, «Ауыл шаруашылығы және биоресурстарға» 461 грант бөлінген.

 

Болашақ магистранттардың ЖЖОКБҰ-на қабылдау 2023 жылғы 26 желтоқсан мен 2024 жылғы 10 қаңтар аралығында жүргізіледі.

 

Естеріңізге сала кетсек, 2-8 желтоқсан аралығында кешенді тестілеу өткізілді. Жалпы, тестілеуге 8 мыңнан астам өтініш қабылданды.

 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың қабылдау комиссиясына магистратураға түсу үшін грант конкурсына құжаттарды мына мекен жай бойынша өткізе аласыз: Қазыбек би көшесі, 30, 2 қабат, 204а кабинет.

 

Жұмыс уақыты: 09:00 ден 18:00 ге дейін, 13:00-14:00 түскі үзіліс уақыты

 

Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттар қажет:

- жеке куәліктің көшірмесі;
- жоғары білімі туралы құжат (диплом және қосымшасы);
- КТ сертификаты;
- шет тілін меңгергендігін растайтын халықаралық сертификаттар (бар болған кезде).

 

Құжаттарды тапсыру кезінде түсуші білім беру бағдарламаларының бір тобын және үш ЖОО-ны көрсете алады.

 

МАҢЫЗДЫ: Грант иегерлерінің тізімі 21 желтоқсаннан кейін жарияланады.