қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
14.12.2023

Хабарландыру

 

2023 жылдың 15 желтоқсанында «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» КеАҚ, «Қазақстанның азаматтық альянсы» қауымдастығы және «Almaty Azamattyq Alliance» қауымдастығы арасында ынтықмақтастықты орнату туралы Меморандумға қол қою рәсімі өтеді. Меморандум азаматтық қоғамның саяси трансформациясы мен жаңғыртылуына, азаматтардың әлеуметтік белсенділігінің өсуі жағдайында мемлекеттік аппараттың халықтың қажеттіліктеріне құлақ асуға; мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттары арасындағы өзара сенімді нығайту мақсатында үкімет пен қоғам арасындағы қарым-қатынастың үздік әдістері мен тәжірибесін дамытуға бағытталған Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасын негізге алады.


Өтетін орны: Абай атындағы ҚазҰПУ, Достық даңғылы, 13, 320 кабинет. Басталуы: сағат 10.00-де.