Негізгі бет /
БАҚ біз туралы
01.02.2019 Архив және қоғам
Қазақстан Республикасы Президентінің Архивінде «Архив және қоғам» іс-шаралар циклінің аясында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры Такир Балықбаевтың қатысуымен кездесу өтті. Іс-шараға Абай атындағы ҚазҰПУ Тарих және құқық институтының директоры Б.Жұмағұлов, ҚР ҰҒА академигі, т.ғ.д., профессор М.Қойгелдиев және Архив басшылығы мен қызметкерлері қатысты.
Кездесу экскурсиядан басталды. Қонақтардың назарына Архив қорындағы Тәуелсіз Қазақстан кезеңінің маңызды құжаттары бойынша дайындалған «Тәуелсіздік дәуірі» тарихи-құжаттық көрмесі ұсынылды. Көрме Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» кітабының негізінде дайындалған. Сонымен қатар, университет басшылығына бірегей тарихи құжаттар сақталатын архив қоймалары көрсетілді. Архивтің зертханалық корпусында архив құжаттарын цифрлау және сақтандыру қорының микрофишаларын жасайтын станциялар, баспа кешені, Архивке мемлекеттік сақтауға түсетін құжаттарды алдын-ала өңдейтін жабдықтардың жұмыстары таныстырылды.
Кездесу барысында ҚР Президентінің Архиві мен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің арасындағы Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Университеттің архивіне 1930 жылдардағы Абай атындағы ҚазҰПУ тарихына қатысты бірегей архивтік құжаттар және Архив дайындаған, Қазақстанның барлық ЖОО-сында бакалаврларды дайындауда ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық» республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығымен ұсынылған, «История Казахстана. Документы и материалы (1917-2012)» хрестоматиясы берілді.
Авторы: Мұхаммед Жылгелдинов, Қазақстан Республикасы Президенті Архиві директорының көмекшісі. 01.02.2019 ж. Ақпарат көзі: almaty-akshamy.kz
|