қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
19.12.2023

Алматы қаласы бастауыш сынып оқушыларының ғылыми жобалар конкурсының басталуы

 

2023 жылдың 22 желтоқсанында Педагогика және психология институты бастауыш білім беру кафедрасы Алматы қаласының бастауыш сынып оқушыларының ғылыми жобалар конкурсының басталғанын хабарлайды.

 

Конкурсқа зерттеу жұмысын немесе құрылымы конкурс туралы ережеде көрсетілген талаптарға сәйкес келетін жобаны дайындаған білім беру ұйымдарының 1-4 сынып оқушылары ерікті түрде қатысады.

 

Конкурс 1-2 сыныптар; 3-4 сыныптар, яғни екі жас тобында келесі пәндік бағыттар бойынша өткізіледі:

- Білім беру жобалары мен зерттеулері (пәндік салалар бойынша: математика, қазақ (орыс, ағылшың) тілі, әдебиеттік оқу, жаратылыстану, дүниетану, көркем еңбек, бейнелеу өнері, цифрлық сауаттылық, музыка);

- Әлеуметтік жобалар.

 

Конкурстың негізгі мақсаты мен міндеттері білім алушылардың зияткерлік әлеуетін жан-жақты дамыту; оларды ғылымның, техниканың, мәдениеттің әртүрлі салаларындағы зерттеу қызметіне тарту; жобалау, ғылыми, талдамалық жұмыс дағдыларын дамыту; оқу үдерісінде алған білімдерін тәжірибеде қолдану; зерттеу жобаларын ұсыну кезінде зерттеу қызметіне, ұйымдастырушылық, әдістемелік қолдауға бейім білім алушыларға қолдау көрсету болып табылады.

 

Конкурсты ұйымдастыру комитеті 1-10 ақпан аралығында мектепте тур өткізіп, жұмыстарды іріктеуді, жартылай финалға қатысуға ұсынысы бар мектеп турының хаттамасын ресімдеуді ұсынады.

 

10 ақпаннан 1 наурызға дейін қатысушылар мектеп турының ұсынымдары бойынша өз жобаларын жақсартып, толықтырып, ғылыми жетекшінің (студенттер, магистранттар, мұғалімдер, қосымша білім беру педагогтары, ата-аналар) пікірін және сыртқы пікірді (әдіскерлер, ЖОО педагогтары немесе жоба бейіні бойынша ғалымдар) алулары тиіс.

 

1-10 наурыз аралығында жартылай финалдық кезеңге қатысу үшін жұмыстар тіркеу сауалнамасы арқылы тіркеледі. Жартылай финалдың барлық қатысушылары алғыс хатпен марапатталады.

 

10-30 наурыз аралығында Абай атындағы ҚазҰПУ Педагогика және психология институты оқытушылары, магистранттары мен докторанттары, серіктес ЖОО және Алматы қаласының мектеп мұғалімдерінен тұратын комиссия финалға қатысу және жобаларды көпшілік алдында қорғау үшін жұмыстарды іріктейді. Финалға қатысушылар жеңімпаз дипломын (1-3 орын) алады.

 

1-10 сәуір аралығында жария түрде қорғау және жеңімпаздарды марапаттау өтеді.

 

 

Конкурс туралы ережені дайындаған жұмыс тобы Абай атындағы ҚазҰПУ, Педагогика және психология институтының «Бастауыш білім беру» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы: кафедра меңгерушісі Ә.Е.Жұмабаева; профессорлар М.А. Абсатова, Л.А. Лебедева, А.Б.Акпаева; аға оқытушы Ж. К. Астамбаева.

 

Конкурс туралы ереже бойынша сілтеме

 

Жұмыстарды тіркеу сауалнамасы бойынша сілтеме